Жаңа туған баланың белгілері, күтімі, физиологиялық өзгерістері, егулері, тамақтануы. Патронаж.
Жаңа туған бала деп– ана құрсағындағы дамуының 38-40-шы аптасында, салмағы 2500гр-нан, бойы 45 см-ден жоғары дүниеге келген баланы айтамыз. Жаңа туған баланың жағдайы Апгар шкаласы бойынша 8-10 балл.
Жаңа туған баланың белгілері:
- дене салмағы 2500гр-6000гр.
- бойы 45-56м.
- бас айналымы 33-34 см.
- кеуде айналымы 32-33см.
- кіндік сақинасы төстің семсер тәрізді өсіндісі мен шат сүйегінің ортасында орналасқан.
- дауысы анық.
- қимылы пысық.
- ұл баланың жұмыртқасы ұмасына түскен.
- қыз баланың үлкен жыныс еріні – кіші жыныстық еріндерін жауып тұрады.
- терісі қызғылт,жұмсақ, түкті.
- тері асты майлы қабаты жақсы дамыған.
- құлақ қалқаны қалпына келіп тұрады.
- тырнақ пластинкасы ұясын жауып тұрады.
Жаңа туылған баланың алғашқы дем алу механизмі:
Қысқа уақытқа демалудың тоқталуы қандағы оттегінің азайып көмірқышқылгазының жоғарылауына әкеледі. Сопақша мидағы тыныс алу орталығы қозып, баланың терең дем алуы өкпенің ашылуына әкеледі. Алғашқы демалудан бастап плацентарлы қан айналымы тоқтайды, осының әсерінен Боталлов түтігі жабылып, жеке үлкен және кіші қан айналым шеңбері қалыптасады.

Жаңа туған баланың физиологиялық өзгерістері:
- Дене салмағының физиологиялық кемуі-туғаннан кейінгі 3-4-ші күндері баланың салмағы туылғандағы салмағынан 150-300 граммға төмендейді. 8-10 күнінде қалпына келеді. Себебі- ана сүтінің аздығы, сүтті сорып алу ұшін көп күш жұмсалады, сұйықтықтардың зәрмен, нәжіспен және тері арқылы шығуы, кіндік қалдығының кебуі.Салмақтың кемуінің мөлшері 3-8 пайыздан артық болмауы керек. Осы кезде баланы емшекке ерте салып, оған жеткілікті сұйықтық ішкізу керек.
- Транзиторлы қызба– туғаннан кейін 3-4-ші күндері баланың дене қызуы 38-390 С-қа көтеріледі, жалпы жағдайы көп бұзылмайды. Себебі- организмде сұйықтықтың аз болуы және бөлме температурасының жоғары болуы. Сондықтан балаға 200 гр-ға дейін сұйықтық беріп, көп қымтамау керек.
- Терінің физиологиялық сарғаюы– 2-3-ші күннен кейін баланың тері және шырышты қабат сарғаяды, ол 7-10 күнге созылады. Себебі-эритроциттердің жарылып, олардан шыққан билирубинді бала бауырының қызметі төмен болғандықтан дер кезінде шығарып үлгірмеуі, қанда тікелей билирубиндер көбейеді. Нәтижесінеде тері сарғаяды. Балаға 5%-глюкоза ерітіндісін, С витаминін тағайындау керек.
- Жыныс мүшелерінің өзгерісі -3-4-ші күндері қыз баланың емшек безі ісініп , жыныс мүшесіне қанды бөліністер байқалады. Ұл балалардың ұмасы ісінеді. Осы жағдай 10 күнге созылады. Себебі- анасынан берілген гармондар балаға әсер етеді. Емдеуді қажет етпейді, қыз баланың жыныс мүшелерін әлсіз марганец ерітіндісімен жуып отыру қажет.
- Терінің қызаруы –физиологиялық эритема. Себебі-баланы қоршаған ортаның өзгеруі-жатырда температура 37-380С, ал сыртқы ортада 20-220С. Жатырда бала суда болса, туылғаннан кейін ауаға шығады. Тері капиллярларының кеңеюі пайда болады. Бірнеше сағаттан кейін басталып 2-3 күнге созылады. Емдеуді қажет етпейді, тек баланың терісі қабыршықтанса стерильды өсімдік майымен майлаған жөн.
- Бүйректің несеп қышқылының әсерінен болған инфаркты-кішкене дәреттен кейін жөргекте қызғылт-қоңыр дақтар, сонымен қатар құм сияқты заттар қалады. Бұл жағдай 3-4 күнге созылады. Балаға сұйықтық беру керек.
Жаңа туған баланың егулері. Бала дүниеге келгеннен кейін 24 сағат ішінде алғашқы егу- ВГВ вакцинасы-вирусты гепатит В-ға қарсы 0,5 мл бұлшық етке санға жасалынады. 2-4-ші күндері БЦЖ вакцинасы – туберкулезге қарсы 0,1 мл сол жақ қолдың жоғарғы бөлігіне тері ішіне жіберіледі (0,05мг)
Жаңа туған баланың перзентханадан шығу ережесі. Туылғаннан кейін 5-6-шы күні баланың жалпы жағдайы жақсы болса, кіндік қалдығы түссе, егулер жасалынса, анасының денсаулығы жақсы болса баланы ұйге шығарады.
Жаңа туған бала және оның күтімі
Бала туылып, кіндігі кесіліп, анасынан ажыраған уақыттан бастап баланың жаңа туған кезеңі басталады. Ол 4 аптаға созылады немесе 28 күн. Осы уақыт аралығында баланың сыртқы ортаға бейімделуі болады: өкпе арқылы тыныс алуы, жеке қан айналымы, асқорытуы, өз бетінше жылуды реттеуі, зат алмасуы қалыптасады.
Керекті құралдар -Қалың жөргек – 20-25 дана, жұқа жөргек 10-15 дана, жөргекше 10-15 дана, бас киім 4-5, кеуде көйлегі 5-6, сәби сабыны, жөке, жөргектеу столы, тазалық ваннасы, судың және дене қызуын өлшейтін термометрлер, залалсызданған өсімдік майы, мақта домалағы, 2%- ті бриллиант жасылы, спирт, бөлме жылытқышы, жайма, кір сабын, кір киімдерді салатын ыдыс, 2-4 еміздік, 2-3 құмыра, мөлшерлі ыдыс.
Патронаж
Патронаж дегеніміз– медицина қызметкерлерінің баланың үйіне шақырусыз барып бақылауы. Патронаждың түрлері: жүкті әйелдің алғашқы патронажы, жүкті әйелдің екінші патронажы, жаңа туған баланың патронажы.
Жүкті әйелдің алғашқы патронажын – жүкті әйел әйелдер консультациясына есепке тұрғаннан кейін және балалалар емханасына мәліметтер берілген соң участкелік медбике жүргізеді.
Патронаждың мақсаты – анамнез жинау, болашақ анаға кеңестер беру.
Анамнез жинаған кезде, жүктілік кезіндегі қауып-қатерге көңіл аудару. Жүкті әйелдің жинаған бағасы 10 және оданда жоғары балл болса, бұл жоғарғы қауып-қатер тобы, ал егер 9-5 балл болса орташа қауып-қатер тобы, 4 баллға дейін төменгі қауып-қатер тобы. Тұқым қуалаушылыққа, жанұяның психологиялық жағдайына, қазіргі жүктілік жоспарланған ба, екеніне көңіл аудару.
Анасына берілетін кеңестер салауатты өмір салтын насихаттау сұрақтары және қауып-қатер факторларын анықтау. Болашақ аналар балалар емханасында жүргізілетін «Жас ананың мектебіне» шақырылады.Участкелік медбике патронаж мәліметтерін баланың даму тарихына (112) жазады, одан кейін участкелік дәрігер танысып және болашақта бақылау іс-әрекетін жоспарлайды.
Жүкті әйелдің екінші патронажын 31-38 жүктілік аптасында жүргізеді.
Патронаждың мақсаты – алғашқыда алған кеңестердің орындалуын, қауып-қатер топ факторларының бағаларын қайтадан тексеру және босанудан кейінгі кезенге дайындықты тексеру. Жүкті әйелге ана сүтінің артықшылығын насихаттау, емшек безін емізуге дайындау, маститтің және гипогалактияның алдын алу, балаға керекті орынды, заттарды ұйымдастыруды, болашақ ана және жанұялары жаңадан дүниеге келетін балаға қажетті дайындықтар туралы кеңес беру.
Жаңа туған баланың алғашқы патронажы.
Жаңа туған баланың алғашқы патронажын участкелік дәрігер мен участкелік медбике бала перзентханадан шыққаннан кейін алғашқы 1-2 күндері жүргізеді. Егер жанұяда алғашқы бала болса, бала туабіткен ақаумен, патологиямен болса және шала туған балаларға алғашқы патронаж бала перзентханадан шыққан күні жүргізілуі керек.
Патронаждың мақсаты –қауып-қатер факторларын анықтау үшін анамнез жинау, жалпы тексеріс жүргізу, анасына баланы тамақтандыру, күтімі, тәрбиелеу туралы кеңес беру. Анасы перзентхана берген ауыстырмалы картаны береді. Участкелік медбике ана сүтінің сақталуына, баланың күтіміне көңіл аударады (таңертеңгі және күнделікті туалетіне, шомылдырылуына, жөргектеуіне, төсекке дұрыс жатқызылуына, бөтен адамдардан шектелуіне), кіндік жарасын өңдеуді БЦЖ орнын тексеруді,үй бөлмесінің температурасын (+22С) сақтауды, үйдің санитарлық тазалығын,күтім заттарын, киімдерін, киімдерінің жуылуын, таза және кір киімдерінің сақталуын,серуеңдеуді ұйымдастыруды анасына үйрету, бала әкесінің күтімдегі ролін білу.
Жаңа туған баланың келесі патронаждары келесі айларында апта сайын, әлеуметтік жағдайы нашар жан-ұяның балаларына жиі 2-3 рет жүргізіледі. Ана сүтінің сақталуына, құсудың, іш кебудің, анемияның,мешелдің алдын алуына көңіл аудару.Баланың 1 айында балалар емханасына баланы анасымен шақыру.
Жаңа туған баланы қабылдауға дайындық кезеңі.
- Керекті жабдықтарды дайындау.
- Босанатын әйелге көмек көрсету.
Жаңа туған баланы қабылдаудың негізгі кезеңі.
- Баланы стерильденген және жылы столға жатқызу, (кіндігі салбырамас үшін босанған әйелдің деңгейіне дейін) туылған уақытын белгілеп құжатқа толтыру.
IV. Жаңа туған баланың тірі туғандығын анықтау:
1. Өз бетінше дем алуын
2. Жүрек соғысын
3. Кіндік пульсациясын
4. Бұлшық еттердің өз бетінше жиырылуын
Осы 4 белгілер жоқ болса, онда өлі туған бала деп есептеледі және тірілту шаралары жүргізілмейді. Егер балада осы белгілердің біреуі болса онда тез арада алғашқы және тірілту көмегі жүргізіледі.
Жаңа туған баланың жағдайын бағалау алғашқы 1-5 минут өмірінде Апгар кестесі арқылы 5 симптоммен анықталады:
- жүрек соғысы
- дем алуы
- бұлшық ет тонусы
- рефлекстері
- тері түсі
Апгар шкаласы
белгілері | Баллдары | ||
0 | 1 | 2 | |
Жүректің соғу жиілігі (пульс) | Пульсы жоқ | Пульсы 100-ден кем | Пульсы 100-ден артық |
Тыныс алуы | жоқ | Ритімсіз,сирек | Дауысы қатты |
Бұлшық ет тонусы | әлсіз | Аяқ-қолдары бүгілген | Қозғалыстары белсенді |
Рефлекстері (мұрын катетеріне) | Жоқ | Тыжырынады | Түшкіреді, жөтеледі |
Тері түсі | Ақ | Денесі күлгін, аяқ-қолдары көкшіл | Күлгін |
V. Туыла салысымен жоғарғы тыныс алу жолдарының біріншілік тазартуы жүргізіледі, кейбір жағдайда баланың басы шыққан кезде жүргізуге болады.
VI. Баланы анасынан ажырату, асфиксия және ана мен баланың қанының сәйкес келмеу жағдайында кіндікті туа салысымен кесу.
1 этап. Кіндікті кесу және біріншілік өңдеу: стерильденген алғашқы Кохер қысқышын кіндік сақинасынан 10см ара қашықтықта, екіншісін 2см біріншісінен сыртқа қарай, үшіншісі әйелдің сыртқы жыныс мүшесіне қарай жақынырақ салынады. 96 % этил спиртімен 1-ші және 2-ші қысқыштардың арасын өндеу және стерильді қайшымен кесіп 1 % -тік йоданат ертіндісімен кескен жерді өндеу.
VII. Гонобленнореяның алдын алуын жүргізу. 30 % -тік сульфацил натрий ертіндісімен әр көзге 1 тамшыдан, және 1-2 тамшы қыз балалардың жыныс мүшесіне тамызады (уақытысын жазу).
VIII. Баланың денесін жылы жөргекпен құрғату және кері көрсеткіш жоқ болмаса онда «теріні теріге» баланы ананың кеудесіне және ішіне жатқызу.
IХ. Баланы орап, балалар бөлмесіндегі жылы жөргектеу столына жатқызу.
Х. Кіндіктің екіншілік өндеуі. Кіндік қалдығын үлкен және сұқ саусақпен ұшынан төмен қарай қысып, 96%-тік этил спиртіне малынған тампонмен сүрту. Кіндік сақинасының терісінен 0,5 – 0,7см. Қашықтықта Роговин қысқышын салу. Қысқыштан 0,3-0,5см. қашықтықта кіндікті кесу, кескен жерді 5%-тік калий перманганат ертіндісімен өндеу.
ХІ. Тері қабатының алғашқы өндеуін жүргізу. Стерильденген марлыны өсімдік майына малып, теріні өндейді.
ХІІ. Білекке білезік байлау (білезікке анасының туу тарихының №-рін, аты-жөнін, туу уақытын, күнін, жынысын, салмағын, бойын жазады)
ХІІІ. Антропометрия. Жаңа туған баланы электронды таразыда өлшеп, жөргектің салмағын алып тастайды. Бойын көлденең бой өлшегішпен өлшейді.
ХІV. Баланы дүниеге келгеннен кейін 10 -20 минуттан кейін кеудеге салады.
ХV. Баланы жөргектеп медальон кигізеді. (туу тарихының номері, анасының аты-жөні, босанған уақыты, күні, баланың жынысы, салмағы, бойы жазылады)
Жаңа туған баланың қабылдауының соңғы этапы
ХVI. Баланы төсекке қырынан жатқызады.
ХVII. Жаңа туған баланың тарихын толтыру (анасының туу тарихы номеріне сәйкес келу керек).
ХVIII. Екі сағаттан кейін гонобленореяға қарсы алдын алуды қайталау (уақытын жазу).
ХIХ. Екі сағаттан кейін дені сау жаңа туған баланы ана бөлмесіне ауыстыру.
Пікір қалдыру