Жаңа туған нәресте бала тәулігіне қанша уақыт ұйықтау керек?
Мен жақында босанған едім, балам 2 апта болды, тәулігіне қанша ұйықтау керек және қанша уақыт оянып жүру керек?
Құпия сөзді ұмыттыңыз ба? Қалпына келтіру үшін Поштаңызды жазыңыз, оған сілтеме келеді.
Please briefly explain why you feel this question should be reported.
Осы хабарлама неге дұрыс емес екенін, не үшін шағымданғаныңызды толықтай жазып кетіңіз. Әкімшілік толықтай тексереді.
Please briefly explain why you feel this user should be reported.
1 айлық бала тәулігіне орташа алғанда 15-18 сағат ұйықтау керек. Соның ішінде Түнгі ұйқы 8-10 сағат күндізгі ұйқы 6-9 сағат уақытты алу керек.
Оның ішінде анда санда оянып, отырады, емізу үшін. 8-10 сағат тоқтаусыз үйықтау деген болмайды, жалпы саны ол, емуге бала оянып отырады.
Жалпы көпшілік жаңа босанған жас аналардын басты қателігі осылай ойлау:
Жаңа туған нәресте тәулігіне 18-20 сағат тоқтаусыз ұйықтай беру!! Олай емес! бала қарны ашқанда анда санда оянып, емізу үшін жылап оянып отырады. Сол уақытта емізіп, қайта ұйықтатып отырады. Есте ұстау керек бала ешқашан тоқтаусыз 10-12 сағат ұйықтамайды. Сол үшін қазақтағы мақал бекер айтылмаған ана «түн ұйқысын төрт бөліп» дегендей.
Келесі бір қателік бала жыласа оның бір жері ауырып тұр деген. Негізі бала қарны ашшса, бірдеңе ұнамаса жылайды. Бірақ оны іш ауруы (колика) ажырата білу керек. Ол жайлы басқа сұрақта жаза кетеміз.