Гиперметропия (алыстан көргіштік)- көздің оптикалық жүйелеріндегі сындырғыш күшінің жеткіліксіздігі, соның нәтижесінде алыс қашықтықтағы заттардың паралельді кескіні көздің оптикалық жүйесінде сынғанан кейін (қасаң қабық пен көз бұршағы) фокустық нүктесі торлы қабықта емес оның артында орналасуы, соның арқасында қараған заттардың торлы қабықта айқын емес бейнесі көрінеді. Соған қарамастан көпшілік алыстан көргіш адамдар көздің мықты аккомодациясы арқылы көзге түскен сәулелерді сындыру күші сақталуына байланысты алысты анық, шамалы жақын қашықтықтағы заттарды көре алады. Сондықтан әлсіз және орташа деңгейлі алыстанкөрушілік кезінде көру өткірлігі қалыпты болады; алыстан көргіштіктің жоғары деңгейінде әйнекпен түзетуіне қарамастан ол төмен болып келеді.
Әдетте алыстанкөрушілік себебі көздің оптикалық жарықты сындырғыш орталарының және көз алды-артқы өлшемдерінің сәйкес келмеуі нәтижесінде пайда болады. Көздің оптикалық жүйесі салыстырмалы түрде әлсіз болғанымен қатар көз өлшемі де салыстырмалы түрде кіші болуына байланысты, яғни көзден сынған жарық торлы қабыққа түспей, оның артқы жағына орналасады. Туа салысымен айтарлықтай барлық балалар алыстан көргіш болып дүниеге келеді, бірақ ағза мен көздің өсуіне байланысты алыстан көргіштік деңгейі төмендеп «қалыпты» көз рефракциясына (эмметропияға) айналады, ал кейбір жағдайда тіпті жақыннан көргіштікке де ауысуы мүмкін. Ағзаның соңғы қалыптасу кезеңінде алыстан көргіштік үлесі 50% құраса, ал қалған 50% эмметропия және жақыннан көргіштікке сәйкес келеді.
Алыстан көргішітік ерекшеліктері
Алыстан көргіш көздерге келесі ерекшеліктер тән. Алыстан көргіш көз анық бейне көру үшін әрдайым аккомодацияны күшейтуге тура келеді, соған байланысты көздің шаршауы, бастың ауруымен, маңдайдағы және көз аймағындағы тұйық ауырсыну сезімі, көз аймағындағы қысылу, жақыннан кітап оқығанда әріптер анық емес, бұлдырлаған көріністер байқалады. Көру жұмыстарын тоқтатып, үзіліс құрған жағдайда бұл көріністер жоғалады, бірақ көру еңбегін бастағанда қайтадан байқалады. Бұл клиникалық көріністер көз бұршақ көлемін өзгертіп, оның жарқты сындырғыш күшін көбейтетін аккомодациялық бұлшықеттің шектен тыс қажуының нәтижесі.
Мектеп оқушыларында жиі бас ауруы анықталғанда әрдайым көз дәрігеріне қаралып, көздің рефракциясын зерттеу қажет. Алыстан көргіштікті анықтаған жағдайда сәйкес көзілдірікті пайдалау керек. Алыстан көргіш адамдарда алыстн соның ішінде әсіресе жақында жұмыс істеу үшін әрдайым аккомодацияның күшті жүктелуімен байланысты, жас адамдарда өздерінің мықты аккомодациясы олардағы алыстан көргіштікті жасыруы мүмкін. Сондықтан жас адамдарда алыстан көргіштіктің дәрежесін анықтау үшін алдын ала аккомодацияны өшіру үшін көзге атропин тамызу қолданылады. Азды көпті алыстан көргіштік болған жағдайда, біріккен қыли көздік пайда болуға шарттар пайда болады.
Алыстан көргіш көздер басқа рефракциясы бар көздермен салыстырғанда, глаукомаға бейімділігі көп болумен де сипатталады.
Алыстан көргіштікті түзету үшін екі жақты дөңес шыныларды қолданады, олар алыстан көргіш көздің сындырғыш үшін жоғарылату арқылы рефракцияны түзетеді. Әсіресе көзілдірік тағайындау көздегі шаршағыштық, қыли көзге бейімділік немесе алыстан көргіштікке байланысты қыли көздік дамыған жағдайда қажет. Көзілдіріксіз нашар көру болғанда, көзілдірік кию көруді жақсарту үшін де тағайындалады.
Пікір қалдыру