Компьютердің бала денсаулығына тигізетін әсері
Қазіргі уақытта компьютерлер күнделікті өмірге терең еніп кеткені соншалықты заманауи балаға тек қызығып қана қоюға болады: оған компьютерге үйренудің керегі жоқ, ол компьютер әдеттегі электрлық шам, автокөлік, теледидар, ұялы телефон тәрізді заттар тәрізді компьютер де күнделікті құрылғылар қатарына енген ортада өседі. Кейібір ата аналар электроникаға қызығушылығын қолдап қойса, ал басқалары бала денсауылғы үшін қауіпті әсерінен қорқады. Ата аналардың сақтануларын түсінуге болады.
Егер бала ұзақ уақыт, үзіліссіз монитор алдында отыратын болса, онда көру жүйесінің қажуы көру өткірлігінің төмендеуіне алып келуі мүмкін.
Бала көзіндегі аккомодациялық жүйе біраз көру жүктемелеріне дайын, бірақ оның шектен тыс болуы кері әсер әкелуі мүмкін. Периодты түрде бала экраннан пернетақтаға көруін ауыстырып отыруы, оның аккомодация жүйесін белсенді жұмыс жасатып, нәтижесінде көз бұлшықеттерінің жүктемеге ие болуына алып келіп экраннан келетін жарық пульсациясын күшейте түседі.
Компьютермен жұмыс кезіндегі жүктеме кітап оқу немесе теледидар көру кезіндегі жүктемеден басқаша болып келеді, оған қоса омыртқаға түсетін статикалық позадағы жүктеме, көпшілік балалардағы қозғалыстың азаюы да қосылады.
Сондықтан балалардың кез келген көру жүктемесімен байланысты жұмыстары қатал түрде нормамен шектеледі.
5-6 жас аралығында бала компьютер алдында 15-20 минуттан артық емес уақыт өткізе алса, 7-8 жастағы балалар үшін шектеу30-40 минут, 9-11 жаста компьютер алдында 1 сағаттан артық емес уақыт өткізуге болады. Оған қоса әрбір 30 минут алдында 15 минуттық үзіліс жасап отыру керек.
Баланың компьютермен уақыт өткізетін жерін дұрыс ұйымдастыру да маңызды орын алады:
- мониторға тікелей күн сәулесі немесе лампалар жарығы түсіп, шағылыспауы керек,
- ең дұрысы оның бөлменің бұрышында немесе артқы жағы еденге тіреліп тұратындай етіп қою керек,
- сонымен қатар компьютер орны жақсы жарықтанған болуы керек,
- бала бөлмесін жиі желдетіп тұрыңыз.
Компьютер столы және орындығының өлшемі оның бойына сәйкес болу керек, ыңғайлы отырысқа жету үшін аяқ астына зат қоюға болады. Экран оның орталығына байланысты қарағанда, көру сызығы жоғарыдан төмен 10-20 градусқа сәйкес болу керек.
Монитордан көздің ара қашықтығы кем дегенде 70 см аралығында болуы керек. Бала максималды ыңғайлы болатындай монитор жарығынын және контрастылығын реттеу керек.
Балаға компьютер сатып алмас бұрын ата аналарына айтарым, ескі модельді компьютер алмау қажет, себебі қазіргі заманауи мониторлар қауіпсіздік стандартына сай, сәулелендіру балалар тіпті жүкті әйелдерге де қауіпсіз деңгейінде.
Көзге арналған гимнастика.
- Басты бұрмай (бас түзу), көзбен айналмалы қозғалыстарды жасаңыз жоғары – оңға – төмен – солға және кері бағытқа,
- Кейін алысқа қараңыз, 1-6 дейін санаңыз. 4-5 рет қайталаңыз.
- 1-4 санап көзді жұмыңыз, көз бұлшықетеріне күш түсірмей, 1-6 санап көзді кеңінен ашып алысқа қараңыз. 4-5 рет қайталаңыз.
- Көзбен қолды бақылап, артынан қозғалтыңыз. Қолды 40-50 см ара қашықтықта көтеріп түсіріп жаттығу жасаңыз. 3-4 рет қайталаңыз.
- Көзді жұмып, бетке әлсіз тигізілген алақанмен жауып, 2-3 минутқа бос отыру.
Менің балам компьютер алдында көп отырады. Отырма десем болмай отырып алады! Не істеуге болады?