Қыли көз — (орысша косоглазие) бұл бір немесе басқа көздің периодты түрде басқа жаққа кетуімен сипатталатын көздің дұрыс емес қалыпы. Қыли көздіктің бірнеше түрлері бар, көз әрдайым немесе ауыспалы түрде қылилануы, мұрынға немесе самай, жоғары немесе төмен қылилануы мүмкін. Қыли көздік көз қозғалтқыш бұлшықеттердің дұрыс дамымауының әсерінен деген тұжырымдар бар. Расында тек кейбір жағдайларда қыли көздің дамуы көз козғалтқыш бір немесе бірнеше бұлшықеттердің дұрыс иннервацияланбауы және салдануымен байланысты. Қыли көз әдетте еш кедергісіз қозғалады, оның бұлшықеттерді мықты әрі бірталай қызмет ете алады. Қыли көздіктің негізгі себебі көз және мидың қызметі байланыспаған болғанда, әсіресе ми көзге әртүрлі бұйрық сигалдарын жіберген кезде байқалды.

Жиі бұл жағдай бір көзден түскен ақпараттың анық емес болған жағдайында көрініс береді. Бұған қоса суреттің қосарлануы туындайды. Бас ми болса осындай жағдайды болдырмау кез келген әдіспен болдырмау үшін бір жақ көзді бұғаттау арқылы болса да құтылуға тырысады.
Қыли көздік кезінде көру қызметі әрдайым бір көзбен іске асырылады, ол көз бекіткіш (фиксирующий) деп атайды. Басқа қыли көз басқа жаққа қисайған күйде болады. Осының арқасыда қыли көзі бар адамда үшдеңгейлік қалыпты көру жоқ және ол қоршаған ортаның стереоскопиялық суретін дұрыс көре алмайды. Жиі қыли көздік алыстан көргіштікпен байланысты болып келеді. Бұл бір көздің басқа жаққа кетуімен байқалатын қыли көздіктің бір клиникалық көрінісі. Қыли көздіктің басқа да себептері болуы мүмкін. Кез келген жағдайда офтальмолог қыли көздіктің деңгейін және түрін анықтау және оған сәйкес ем тағайындау үшін арнайы зертеулер жүргізеді. Қыли көздіктің ең идеалды нәтижесі күнделікті өмірдегі үшқалыпты көрудің қалпына келуі. Осындай көрудің қалыптасуы екі көздің де түзелуіне, қыли көздіктің жоғалуына алып келеді. Айта кетсек, қыли көздікті дұрыс емдеу үшін ата-ана, бала және дәрігердің маңдай терін төгіп бірігіп кем дегенде екі жылдан кем емес жасаған жұмысы керек. Бірақ қыли көздік тек дұрыс таңдалған көілдірік кию арқылы да түзелетін жағдайлар көп.
Қыли көздікті емдеудің қазіргі заманауи әдістері сан алуан, әрі оларды дұрыс таңдау көз дәрігерінің дәрежелілігінде. Әдетте қыли көзді емдеу амбиопияны немесе «жалқау көз» жоюмен, яғни мидың белгілі бір көздің қызметін төмендетуін ретке келтірумен байланысты. Амблиопияны емдеу үшін әрдайым көзілдірік кию және бір жақ көзді жапқыш тағу қажет. Бір көздегі амблиопияны жеңгеннен кейін үшдеңгейлі көруді қалпына келтіру басталады. Балаға көзбен көрген екі суретті біріктіріп үйретеді. Ары қарай көз бұрынғыдан қарағанда ұзағырақ уақытқа көзді бір қалыпта ұстайтын болады. Осындай ем арқылы пайда болған стереоскопиялық көру, қыли көздің рецедивын алдын алады.
Хирургиялық ем, тек жоғарыда аталған консервативті емнен нәтиже болғамаған жағдайда жасалады. Өз алдына операция жақсы косметикалық эффект бергенімен, үшдеңгейлі көруді сирек жағдайда қалпына келтіреді. Сондықтан, операциядан кейін көздің біркелкі қозғалуын сақтау және мүмкін болатын рецедивті болдырмау үшін терапевттік емдеу жүргізіле береді.
Егер сіз өз балаңызда қыли көздікті байқасаңыз, ұзаққа созбаңыз, дереу көз дәрігерге көрсетіңіз. Оның ересек болуын тоспаңыз – себебі қыли көздікті емдеудің ең ең қолайлы кезеңі оның пайда болғаны уақытында. Аздаған қыли көздікке мән бермей жүре бермеңіз, уақыт өте келе ол үлкейіп, қыли көздік ары қарай өсе береді.
Есіңізде болсын, тіпті кіші қыли көздіктің өзі үшдеңгейлі көруге кедергі келтіріп, баланың ары қарайғы өміріне теріс әсерін береді.
Менин козим кыли жасым 29да .Туа биткен кылилык аинага карап баскара аламын бирак казирги танда козим ауыратын болып жур соган кылилыкты емдеитин Казахстан да кандаи глазноилар бар .Уяламын 4балам бар
Сұрақ қойып жауап алсам дим,болама?
Әрине болады. СҰрақ қою сілтемесі арқылы кіріп сұрақ қойыңыз
Қылилықтын емін іздимін менде бір кезімде бар