Forgot Password

Құпия сөзді ұмыттыңыз ба? Қалпына келтіру үшін Поштаңызды жазыңыз, оған сілтеме келеді.

Сегізден бесті алса неше болады? (санмен)

Тіркелгенсіз бе? Сайтқа кіріңіз

Please briefly explain why you feel this question should be reported.

Осы хабарлама неге дұрыс емес екенін, не үшін шағымданғаныңызды толықтай жазып кетіңіз. Әкімшілік толықтай тексереді.

Please briefly explain why you feel this user should be reported.

КіруТіркелу

QazClinic

QazClinic

QazClinic Navigation

  • Басты бет
  • Сұрақ қою
Іздеу
Сұрақ қою

Mobile menu

Close
Сұрақ қою
  • Басты бет
  • Сауалнамалар
  • Қолданушылар
  • Сұрақ қою ережесі
  • Біз жайлы
  • Бізбен байланыс
  • FAQ
Home/Сұрақтар/Q 1008
Next
Жауап бар
Алтынай
  • 5
Алтынай
Сұрады Желтоқсан 18, 20202020-12-18T17:41:30+06:00 2020-12-18T17:41:30+06:00Бөлім Акушерия және Гинекология

Жүктілікті жоспарлау қалай жүзеге асырылады?

  • 5

Сәлеметсіздер ме. Қазіргі кезде жүктілікті жоспарлау бойынша көплішік болашақ ата аналар ойлана бастады ғой, соған байланысты сіздерге сұрағым бар.

Жүктілікті қалай дұрыс жоспралау керек? Жүктілікті жоспралау қандай қадамдардан тұрады?

Осы жайлы бірталай интернетте орысша және қазақша сайттар мен форумдарды оқып шықтым, бірақ ешқайсысында дұрыс, түсінікті жауап жазылмаған. Сіздер мамандар тұрғысынан дұрыс жағын айтып жібересіздер ме?

Жүктілікті жоспарлау
Жүктілікті дұрыс жоспралау жолды қандай?
  • 4 4 Жауап
Бөлісу
  • Facebook

    Ұқсас сұрақтар

    • Қынаптағы жара
    • Жыныстық қатынас кезіндегі ауырсыну?
    • Астыма туйн шыгыпты бир жагына
    • Жүктілік кездегі қан анализі
    • Қынаптан жел шығу
    aalan
    Сұраққа жауап беру

    Сұраққа жауап беру
    Жауапты болдырмау

    Шолу
    Сегізден бесті алса неше болады? (санмен)

    4 Жауап

    1. Үздік жауап
      Алуа Маратовна Дәрігер акушер-гинеколог
      2020-12-18T17:55:47+06:00Added an answer on Желтоқсан 18, 2020 at 5:55 pm

      Жүктілікті жоспралау – бұл сұрақты мен болашақ ең жауапкершілігі мол ата аналардан естіп жатамын. Егер сіз осы сұрақпен ойлана бастасаңыз солардың қатарындасыз. Егер дүниеге дені сау, ешбір дерті жоқ бала әкелемін десеңіз жүктілікті жоспралауға болады емес, міндетті түрде жоспарлау керек. Көпшілігі жүтклікке дайындалып керегі жоқ, бәрі табиғат бойынша қарастырылған деп ойлайды. Бұл әрине жартылай ғана дұрыс, егер екі ата анасы да жүктілікке дайын және дендерді сау болса ғана. 

      Бірақ жүтклік кезінде баланы дамуы және өсіп жетілуі көпшілік сыртқы факторлардан байланысты екенін естен шығармау керек.  Сондықтан жүкті болу үшін алдымен не керек деген сұраққа жауап осылай » Алдымен екі ата ана дені сау екеніне көз жеткізіп алу керек, әсіресе әйел денсаулығы аса маңызды». 

      Жүктілікті қашан жоспралау керек деген де маңызды шаруа, ең идеалды жағдайда жүктілік болмас бұрын жарты жыл бұрын дайындалу керек.

      Жоғарыда айтып кеткендей жүктілікті медициналық зерттелу мен анализ тапсырудан бастау керек. Соның ішінде әйел репродуктивті жүйесін, жалпы ағза бойынша зерттеу керек. Әртүрлі генетикалық аурулар, әсіресе созылмалы инфекциялық аурулар, әртүрлі ауытқулар, жасырын инфекция көздерін табу аса маңызды. Бұлардың біреу болуы жүктілік ағымын қиындата түсіп, бала дамуына кері әсерін береді.

      Әйелдің және ер адамның денсаулығы жайлы дәрігермен кеңесу керек. Кейбір созылмалы аурулар кезінде (жүрек аурулары, диабет) әйел адам денсаулығы бала дүниге әкелу секілді қиын жағдайға шығдай алмауы мүмкін.  Сондықтан жүктілікті жақсы өткізе аламын ба? Жүктілік ағымы қалай болады? Дені сау бала дүниеге әкеле аламын ба деген сұраққа тек дәрігер консультациясы мен мұқият зерттеуінен кейін ғана жауап айта алады. Бірақ тіпті дәрігер бәрі жақсы деген сөзінен кейін қол қусырып отыра беруге де болмайды, жүктілік ағымында ең маңызды бір қадам ол жүктілік кезінде әйелдің күтімі.

      Ата анасы толықтай сау болса, жүктілікті қалай жоспарлау керек? Ең алдымен мүмкіндігінше өз өмір салтын өзгерту. Дұрыс тамақтану режимі, толыққанды табиғи тамақтар, стрессті жағдайдан алшақ болу және т.б.  Болашақта жаңа өмір силамақ адамдар үшін зиянды әдеттерден (ішімдік, шылым шегу) айырылу өте маңызды. 

      Осы шарттар орындалғанда ғана ең жағымды жұмыс қалады, ол бала дүниеге әкелу ісін бастай беруге деген қадам=)

      • 8
      • Жауап жазу
      • Бөлісу
        Бөлісу
        • Share on Facebook
        • Share on Twitter
        • Share on WhatsApp
    2. Балжан
      2020-12-18T17:58:25+06:00Added an answer on Желтоқсан 18, 2020 at 5:58 pm
      1. Зиянды әдеттер болмау
      2. Жиі әрі әрдайым бақытты отбасы болу
      3. Жиі әрі сау жыныстық қатынас
      4. Социалды жақсы жағдай
      5. дені сау ата ана

      Осылар болса болды. Жүктілік жоспарланды деп санауға болады!

      • 1
      • Жауап жазу
      • Бөлісу
        Бөлісу
        • Share on Facebook
        • Share on Twitter
        • Share on WhatsApp
    3. omar
      2020-12-18T18:03:36+06:00Added an answer on Желтоқсан 18, 2020 at 6:03 pm

      Негізі жүктілікті жоспралау деген дамыған батыс елдердінде қалыпты жағдай ғой. біздің елде ондай нәрсе қалыптаспаған, көбінесе біреумен ойнап, күліп жүріп жүкті болып қалу кездеседі. Немесе үйленген соң болды бала болу керек деген оймен жүреді.

      Ал Шет мемлекеттерде ауқатты ер адамдар арнайы «банк спермы» деген өз ұрығын арнайы сақтаушы мекемеге беріп, сонда сақтатады. одан кейін өзіне ұрықсыз қылатын арнайы вазэктомия операциясын жасатады. Нәтижесінде кез келген қызбен жыныстық қатынасқа түсіп жүре береді. Жүктілік болмайды.  Үйленіп, үй болған соң ғана банк спермыдан өз ұрығын алып, әйел ұрықтандырып, балалы болып жатады. Әрине мұндай радикалды жағдай біздің елімізге келмесе де, хотя бы аяқ астынан күтпеген жүктіліктен айрылсақ жақсы болар еді.

      • 3
      • Жауап жазу
      • Бөлісу
        Бөлісу
        • Share on Facebook
        • Share on Twitter
        • Share on WhatsApp
    4. Типичный медик!) Медик
      2020-12-22T17:30:03+06:00Added an answer on Желтоқсан 22, 2020 at 5:30 pm

      Жалпы жүктілікті жоспарлау үшін ең алдымен бір бірлеріңе сәйкес келесіңдер ма соны білу керек қой. Мысалы батыс елдерінде жұп үйленбес бұрын дәрігер генетикке келіп, толықтай өз шешірелерін және оның генетикалық аурулар болмас үшін болашақ баласына болжамды зерттеу жасатады. Нәтижесінде қандай баласында қандай генетикалық аурулар болу жиілігін есептеп ғылыми жолмен шығарып, дәрігер нұсқау береді.

      Ал өздеріңіз білетіндей бізде ең бастысы махаббат болса болды, ғылыми – генетикалық жағынан сәйкес келу деген маңызды емес қой. Тіпті махабаттсыз да бала аяқ астынан тауып алып жатқандар да бар. =(

      • 2
      • Жауап жазу
      • Бөлісу
        Бөлісу
        • Share on Facebook
        • Share on Twitter
        • Share on WhatsApp

    Sidebar

    Stats

    • Сұрақ 115
    • Жауап 402
    • Үздік жауап 43
    • Қолданушы 102

    Медицина бөлімдері

    Жалпы сұрақтар
    24сұрақ
    Терапия
    21сұрақ
    Офтальмология
    17сұрақ
    Акушерия және Гинекология
    11сұрақ
    Сексология
    9сұрақ
    Хирургия
    8сұрақ
    Жұқпалы аурулар
    8сұрақ
    Урология
    8сұрақ
    Травматология
    5сұрақ
    Медицинадағы оқу
    5сұрақ
    Сұлулық және косметология
    3сұрақ
    Онлайн анализдер
    3сұрақ

    Facebook

    Блог бөлімі

    • Ақпараттар
    • Электронды кітаптар

    Пікірлер

    • tamara
      tamara жауап жазды Панкреатит деген не ауру екенін түсіну үшін ең алдымен айтып…
    • Типичный медик!)
      Типичный медик!) жауап жазды Панкреатит кезіндегі емнің ең басты принціпі ол орысша айтқанда "ГОЛОД…
    • omar
      omar жауап жазды Баурым әйел психологиясы олай жұмыс істемейді. Өмірді, талай қыздарды көрген…
    • Maxik
      Maxik жауап жазды Әйел адамды қоздыратын секс әңгімелерді сразу айта салсаң келмейді ма?…
    • daulet
      daulet жауап жазды Сіздің айтып тұрғаныңыз расында простата гиперплазиясы. Жалғыз емі хирургиялық ем.…

    Қолданушылар

    tamara

    tamara

    • 0 Сұрақ
    • 33 Жауап
    Типичный медик!)

    Типичный медик!)

    • 0 Сұрақ
    • 33 Жауап
    Жасұлан

    Жасұлан

    • 0 Сұрақ
    • 26 Жауап
    Ерік

    Ерік

    • 0 Сұрақ
    • 26 Жауап
    Дастан Аманбайұлы

    Дастан Аманбайұлы

    • 0 Сұрақ
    • 24 Жауап
    Алма

    Алма

    • 0 Сұрақ
    • 23 Жауап

    Explore

    • Басты бет
    • Сауалнамалар
    • Қолданушылар
    • Сұрақ қою ережесі
    • Біз жайлы
    • Бізбен байланыс
    • FAQ

    Footer

    Ескерту

    Сайттағы жарияланған барлық сұрақтар мен жауаптар, материалдар тек білім алу және медицинамен танысу мақсатнда жазылған. Ем үшін бұл ақпараттарды қолданбас бұрін өз дәрігеріңізбен міндетті түрде ақылдасуыңыз керек.

    © 2023 QazClinic. All Rights Reserved

    Сілтемені кірістіру/өңдеу

    Тағайындалмақ URL-мекенжайын енгізіңіз

    Немесе бар мазмұнға сілтеме

      Еш іздеу шарты көрсетілген жоқ. Жуырдағы элементер бейнеленеді. Воспользуйтесь поиском или клавишами вверх/вниз, чтобы выбрать элемент.