Сәлеметсіздер ме. Қазіргі кезде жүктілікті жоспарлау бойынша көплішік болашақ ата аналар ойлана бастады ғой, соған байланысты сіздерге сұрағым бар.
Жүктілікті қалай дұрыс жоспралау керек? Жүктілікті жоспралау қандай қадамдардан тұрады?
Осы жайлы бірталай интернетте орысша және қазақша сайттар мен форумдарды оқып шықтым, бірақ ешқайсысында дұрыс, түсінікті жауап жазылмаған. Сіздер мамандар тұрғысынан дұрыс жағын айтып жібересіздер ме?
Жүктілікті жоспралау – бұл сұрақты мен болашақ ең жауапкершілігі мол ата аналардан естіп жатамын. Егер сіз осы сұрақпен ойлана бастасаңыз солардың қатарындасыз. Егер дүниеге дені сау, ешбір дерті жоқ бала әкелемін десеңіз жүктілікті жоспралауға болады емес, міндетті түрде жоспарлау керек. Көпшілігі жүтклікке дайындалып керегі жоқ, бәрі табиғат бойынша қарастырылған деп ойлайды. Бұл әрине жартылай ғана дұрыс, егер екі ата анасы да жүктілікке дайын және дендерді сау болса ғана.
Бірақ жүтклік кезінде баланы дамуы және өсіп жетілуі көпшілік сыртқы факторлардан байланысты екенін естен шығармау керек. Сондықтан жүкті болу үшін алдымен не керек деген сұраққа жауап осылай » Алдымен екі ата ана дені сау екеніне көз жеткізіп алу керек, әсіресе әйел денсаулығы аса маңызды».
Жүктілікті қашан жоспралау керек деген де маңызды шаруа, ең идеалды жағдайда жүктілік болмас бұрын жарты жыл бұрын дайындалу керек.
Жоғарыда айтып кеткендей жүктілікті медициналық зерттелу мен анализ тапсырудан бастау керек. Соның ішінде әйел репродуктивті жүйесін, жалпы ағза бойынша зерттеу керек. Әртүрлі генетикалық аурулар, әсіресе созылмалы инфекциялық аурулар, әртүрлі ауытқулар, жасырын инфекция көздерін табу аса маңызды. Бұлардың біреу болуы жүктілік ағымын қиындата түсіп, бала дамуына кері әсерін береді.
Әйелдің және ер адамның денсаулығы жайлы дәрігермен кеңесу керек. Кейбір созылмалы аурулар кезінде (жүрек аурулары, диабет) әйел адам денсаулығы бала дүниге әкелу секілді қиын жағдайға шығдай алмауы мүмкін. Сондықтан жүктілікті жақсы өткізе аламын ба? Жүктілік ағымы қалай болады? Дені сау бала дүниеге әкеле аламын ба деген сұраққа тек дәрігер консультациясы мен мұқият зерттеуінен кейін ғана жауап айта алады. Бірақ тіпті дәрігер бәрі жақсы деген сөзінен кейін қол қусырып отыра беруге де болмайды, жүктілік ағымында ең маңызды бір қадам ол жүктілік кезінде әйелдің күтімі.
Ата анасы толықтай сау болса, жүктілікті қалай жоспарлау керек? Ең алдымен мүмкіндігінше өз өмір салтын өзгерту. Дұрыс тамақтану режимі, толыққанды табиғи тамақтар, стрессті жағдайдан алшақ болу және т.б. Болашақта жаңа өмір силамақ адамдар үшін зиянды әдеттерден (ішімдік, шылым шегу) айырылу өте маңызды.
Осы шарттар орындалғанда ғана ең жағымды жұмыс қалады, ол бала дүниеге әкелу ісін бастай беруге деген қадам=)
Осылар болса болды. Жүктілік жоспарланды деп санауға болады!
Негізі жүктілікті жоспралау деген дамыған батыс елдердінде қалыпты жағдай ғой. біздің елде ондай нәрсе қалыптаспаған, көбінесе біреумен ойнап, күліп жүріп жүкті болып қалу кездеседі. Немесе үйленген соң болды бала болу керек деген оймен жүреді.
Ал Шет мемлекеттерде ауқатты ер адамдар арнайы «банк спермы» деген өз ұрығын арнайы сақтаушы мекемеге беріп, сонда сақтатады. одан кейін өзіне ұрықсыз қылатын арнайы вазэктомия операциясын жасатады. Нәтижесінде кез келген қызбен жыныстық қатынасқа түсіп жүре береді. Жүктілік болмайды. Үйленіп, үй болған соң ғана банк спермыдан өз ұрығын алып, әйел ұрықтандырып, балалы болып жатады. Әрине мұндай радикалды жағдай біздің елімізге келмесе де, хотя бы аяқ астынан күтпеген жүктіліктен айрылсақ жақсы болар еді.
Жалпы жүктілікті жоспарлау үшін ең алдымен бір бірлеріңе сәйкес келесіңдер ма соны білу керек қой. Мысалы батыс елдерінде жұп үйленбес бұрын дәрігер генетикке келіп, толықтай өз шешірелерін және оның генетикалық аурулар болмас үшін болашақ баласына болжамды зерттеу жасатады. Нәтижесінде қандай баласында қандай генетикалық аурулар болу жиілігін есептеп ғылыми жолмен шығарып, дәрігер нұсқау береді.
Ал өздеріңіз білетіндей бізде ең бастысы махаббат болса болды, ғылыми – генетикалық жағынан сәйкес келу деген маңызды емес қой. Тіпті махабаттсыз да бала аяқ астынан тауып алып жатқандар да бар. =(