Сәлеметсіздер ме, осыдан бір жұма бұрын кіндік жарығына операция жасаған, Операция бәрі сәтті өтті. Жарық салыстырмалы түрде кішкентай болған, 1,5-2 см шамасында. Кеше дәрігерге барғанда таңу (перевязка) жасағанан кейін ішінде сұйықтық бар, серома деп айтты. Қорқатын ештеңе жоқ, ең бастысы іріңді бөлініс емес дегенен кейін көңілім орнына түсті.
Орнымнан тұрғанда тігіс салынған жер аздап астыға қарай тартатын секілді, аздаған сұйықтық та шығады, ол сол серома деген ба? Қанша уақытқа дейін созылуы мүмкін?
Cіз сипаттап айтқаныңызға қарағанда расында серома болуы мүмкін. Егер жараңа инфекция түспесе, серома өздігінен таралып кетеді. Егер опеацрия жасаған аумақта қызару, аурсыну күшейсе, ісіну пайда болып дене температурасы жоғарыласа онда хирург дәрігерге қаралу керек.
Ең бастысы жараға инфекция түспес үшін таза ұстау керек.