Жексенбі күні тізе буын на травма алдым. Поликлиникадағы дәрігерге қаралдым, себебі тізе ісініп кетті. Дәрігер тіземді қарап қатты бүккен кезде онда бірдеңе қытырлағандай болды. Ол маған тізеде қорқатын ештеңе жоқ тек буын созылған (растяжение) және ушиб деп айтты.
Тізе буынына рентген жасадық, сүйек сынығы жоқ деді. Маған үйге ксефокам және фенолгон мазь жазып берді. Травмадан кейін уже бір жұма өтті, қазір ешқандай ауысынусыз және ақсаңдаусыз біркелкі жүремін. Шамамен 90 градусқа дейін оп оңай тізені бүгемін, бірақ одан ары қарай қиын, бірдеңе тартып жібермейтін секілді. Қатты ауырсыну жоқ, тек дискомфорт қана. Тізе астында сұйықтық бар секілді сезіледі бүгіп ашқанда. Осындай жағдайда қайта дәрігерге баруға тұрарлық па? Қорқатындай себеп бар ма?
Сәлеметсіз бе! Травматолог ортопед дәрігерге қаралу керек. Дәрігермен Магнитті -резонансты томография (МРТ) жасау жайлы әңгімелесіп көріңіз, әдеттегі рентген қарағнада ол толыққанды тізе буыны жайлы ақпарат пен детальділігі жоғары снимок береді.
Тезірек жазылуыңызға тілектеспін!
Гемартроз деген пәле болып жүрмесін. Байқаңыз