Алдыңғы күні бауырым аяғын сындырып алған, енді ауруханада арнайы аппарат салып, төсек режимінде жатыр. Ешқайжері ауырмайды дейді. Бірақ ем бәрін алып жатыр. Енді врачтар айтады операция жасап сүйек ішіне темір қою керек деп. Сонда тұрып кетеді дейді. Ол ұзақ жүре ме? қанша уақытта жазылып кетеді?
Бұл жерде дөп басып айту қиын, рентген снимогы болмаса.
Әртүрлі сындық әрқалай емделеді және жазылу мен қалпына келу уақыты да әртүрлі болады. Жүріп тұрып кету жайлы айту әлі ерте.
Сыну типі, формасы, механизіміне байланысты емдеу мен жазылуы әртүрлі болады. Мысалы бұралған, ішке енген, ашық сынықтар, мен морт сынған жарақат емі басқаша болады.
Бұл жерде басты мақсат аяқтың анатомиялық формасы мен бұрынғыдай тіректік қызметін қалпына келтіру үшін сүйек ішіне қанқалық темір қоюы мүмкін. Ол уақытша қойылып, шамамен 6 ай немесе одан көп уақыт өтіп, сүйек жазылған соң қайта алынып тасталынады!
Мен де осылай велосипедтен құлап аяғымды сындырған едім. Аураханада ұзақ жаттым, емделу бойынша 3 айдан кейін жазылып тұрып жүріп кеттім.
Адам жасына байланысты деиди 30болса 30кундеи организма байланысты барлыгы