Сүт без обырын анықтау үшін қандай тест өту керек?
Менің жасым 28 де, балам жоқ, бірақ соңғы уақыттта оң жақ сүт безінде қатты ісік секілді нәрсе пайда болды, ұстасам ауыртпайды, бірақ қап қатты болып тұрады. Формасы домалақ. Бұл не болуы мүмкін кім біледі?
Интернеттен қарасам сүт без обыры ұқсас дейді? нақты анықтау үшін қандай маманға бару керек және қандай тест тапсыру керек?
Иә сіздің айтып отырғаныңыз сүт без обырының бастапқы сатысына ұқсайды. Оны нақты білу үшін жергілікті поликлиникаңыздағы терапевт дәрігерге қаралып, скрининг өту керек. Қажет болса, маммолог дәрігерге, сүт без пальпациясын жасап, УЗИ, рентген жасап көреді.
Қаншалықты ерте қаралсаңыз соншалықты өзіңізге жақсы болады.
Сүт безінің обыры кез келген жаста байқалатын ісік түріне жатады. Әйелдерде ол жатыр мойыны рагымен бірге алғашқы орында тұр.
Дұрыс анықталу үшін скриниг өту керек. Маммолог дәрігерге қаралып, сүт безінің толыққанды тексеруін өту керек. Сіз айтып тұрған симптомды қарасақ расында сүт безінде өзгерістер бар.