Менің денеме, сол жақ иық жақтан шиқан шығып кетті. Неге екенін білмеймін соңғы кезде жиі шыға береді. Алдында арқаға шыққан, өзі кетіп қалды, ал осы жолы шыққан сыздауық (шиқан) кетпей ұзақ тұр.
Шиқанды қысып, сығып ішіндегісін шығаруға болады ма? қандай дәрі қолдану керек? Шиқан емі қандай? алдын ала рахмет
Егер шиқан шыққан жерде сарғайып ішінде ірің көрініп тұрса, хирургиядағы ең танымал негізгі қағидаларды жасау керек. «Ірің көрсең, кес те шығар» немесе латынша Ubi pus, ibi evacua. Демек негізгі емі кесіп сыртқа шығару. Тек медициналық жағдайда жасалу керек. Үйде ашып керек емес, инфекция түсіп кетсе қауіпті!
дұрыс айтасыз, үйде ашса қабынып кетіп, одан сайын қиын жағдайға тап болуы мүмкін.
Шиқан орысшасы фурункул немесе басқаша сыздауық деп те атап жатады.
Фурункул – стафилококты инфекция шақырған, тері абсцессі. Ол әдетте шаш фолликулдарын және айналасындағы теріні зақымдайды.
Фурункул сау адамдарда, бірақ жиі семіздігі бар, иммунды жүйесі төмен, нашар гигиенада жүргендерде жиі пайда болады. Жиі қоздырғыш көзі Staphylococcus aureus.
Негізгі емі, фурункул пісіп жетілген кезде хирургиялық жолмен тіліп ашып, іріңді шығарады. Оған жетпесе сырттан спиртпен өңдеп, ішке антибиотик тағайындалады.