Сәлеметсіздер ме. Маған семіру жолдары жайлы айтып жібересіздер ме. Менің салмағым 58 кг, бойым 174 см. Ер баламын.
Салмақ қоса алмай жүрмін, тамақты көбірек же дейді, тамақты жеймін. Бірақ көбінесе тәбетім болмайды (аппетит жоқ). Тренажерға барып жүрмін, бірақ одан пайда жоқ. Салмақ қосып, семіргім келеді. Семіртетін витаминдер немесе басқа дәрілер жоқ па?
Бұлшықет қосу, бұлшықет өсіру жолдары да сол семірумен бірдей ме?
Салмақ жинау үшін келесі қағидаларды сақтау керек:
Тамақты көп ішуден басқа оның калориялы болуын қадағалау керек. Құр сапасы жоқ тамақты жей бергенен қарағанда, сапалы құрамында қоректік заттары мол тамақ жесең салмақ қосуға болады!
Сеіру үшін ішетін витаминдер деген ұғым жоқ. Семіртетін дәрілер дегеніңіз мүмкін анаболикалық стероидтар шығар. Оларды ретсіз қолдануға болмайды.
Анаболикалық стероидтар спортшылар ішінде допинг болып табылады. Ал қарапайым адамға дәрігер диетолог бақылауынсыз оны ішу ауыр зардаптарға алып келуі мүмкін. Олар құрамында ер адам гормоны тестестерон болады. Қалыпты жағдайда оны ер адам жыныс бездері бөледі. Сырттан қабылдаған гомрон көбейіп кетсе, өз жыныс бездері қызметін атқармай, атрофиялық жағдайға дейін жетіп, нәтижесінде белсіздік, жынстық әуестіктің бұзылуы байқалады.
Сізге ең қарапайым ол протеин қабылдау. Ол гормон болып табылмайды. тек тағамға биологияық белсенді зат. Әдеттегі ет, соя, тауық етінде болатын белсенді белоктардан жаслған. Физикалық жаттығу жасағаннан кейін ағзадағы бұлшықеттер қалпына келуі үшін оған құрылыс материалы белок (ақуыз) керек. Ол ақуыздар етте, тауық етінде мол болады. Бірақ ол ет жегеннен кейін асқазан, ішек жолдары арқылы өтіп қортылып жеткенге дейін ұзақ уақыт өтеді. Осы проблеманы шешу үшін диетологтар ойлап табылған нәрсе ПРОТЕИН. Дәл сол ет құрамындағы бұлшықеттерге құрылыс материалы болып табылатын блоктардан жасалған ұнтақ (порошо) түріндегі қоса сумен ішіледі. Бірден ішектен сіңіріліп, ағзадағы қоректі қажет ететін бұлшықетке жетеді.
Оған қоса күш қуат мол болу үшін гейнер деп аталатын жоғары каллориялы қоспа қолдануға болады. Оның басты мақсаты физикалқы жаттығу кезінде ағзаның жоғалтқан энергиясын орнын толтыру.
Осыдан шығатын қортынды дұрыс жаттығулар (штанға, гантель) = дұрыс тамақтану + гейнер (энергия көзі) + протеин (бұлшықет үшін құрылыс материалы) + жақсы ұйқы+ стрессіз өмір.
Дұрыс айтасыз!
Семіртетін витаминдер деген ұғым жоқ. Тек спорттық қоспалар (спортивные добавки) деген бар. Оларға протеин, белок, гейнер жатады. Олардың мақсаты спортпен айналысқанда ағзаға жетпейтін құрылыс материалдарының орнын толтыру.
Оған қоса онша дұрыс емес нәрсе Анаболикалық стероидты гормондар бар. Олар аталық безінен бөлінетін гормон орнын толтырып, адамның дене салмағы мен бұлшықет өсуіне септігін тигізеді. Бірақ оның медициналық қарсы көрсеткіштері бар. Сондықтан арлы берлі іше беруге болмайды. Оған қоса анаболикалық стероидтардың кейбіреуі Қазақстан Респубилкасында тыйым салынған.