Forgot Password

Құпия сөзді ұмыттыңыз ба? Қалпына келтіру үшін Поштаңызды жазыңыз, оған сілтеме келеді.

Сегізден екіні алса неше болады? (санмен) ( 6 )

Тіркелгенсіз бе? Сайтқа кіріңіз

Please briefly explain why you feel this question should be reported.

Осы хабарлама неге дұрыс емес екенін, не үшін шағымданғаныңызды толықтай жазып кетіңіз. Әкімшілік толықтай тексереді.

Please briefly explain why you feel this user should be reported.

КіруТіркелу

QazClinic

QazClinic

QazClinic Navigation

  • Басты бет
  • Сұрақ қою
Іздеу
Сұрақ қою

Mobile menu

Close
Сұрақ қою
  • Басты бет
  • Сауалнамалар
  • Қолданушылар
  • Сұрақ қою ережесі
  • Біз жайлы
  • Бізбен байланыс
  • FAQ
Home/Сұрақтар/Q 1021
Next
Жауап бар

QazClinic Latest Сұрақтар

Айбын
  • 1
Айбын
Сұрады Желтоқсан 22, 20202020-12-22T16:43:50+06:00 2020-12-22T16:43:50+06:00Бөлім Жалпы сұрақтар

Семіру жолдары

  • 1

Сәлеметсіздер ме. Маған семіру жолдары жайлы айтып жібересіздер ме. Менің салмағым 58 кг, бойым 174 см. Ер баламын.

Салмақ қоса алмай жүрмін, тамақты көбірек же дейді, тамақты жеймін. Бірақ көбінесе тәбетім болмайды (аппетит жоқ). Тренажерға барып жүрмін, бірақ одан пайда жоқ. Салмақ қосып, семіргім келеді. Семіртетін витаминдер немесе басқа дәрілер жоқ па?

Бұлшықет қосу, бұлшықет өсіру жолдары да сол семірумен бірдей ме?

семірудің жолдары
Семіру жолдары қандай?
  • 5 5 Жауап
  • 0
Бөлісу
  • Facebook

    Ұқсас сұрақтар

    • Қолым ұйып қалу мен ісіну пайда болды
    • Стоматит емі балаларда?
    • Аутизм деген не?
    • Тері күнге күйіп қалса қалай емдейміз?
    • Неліктен медицина мамандығын таңдадыңыз?
    aalan
    Сұраққа жауап беру

    Сұраққа жауап беру
    Жауапты болдырмау

    Шолу
    Сегізден екіні алса неше болады? (санмен) ( 6 )

    5 Жауап

    1. Типичный медик!)
      Үздік жауап
      Типичный медик!) Медик
      2020-12-22T17:27:05+06:00Added an answer on Желтоқсан 22, 2020 at 5:27 pm

      Салмақ жинау үшін келесі қағидаларды сақтау керек:

      1. Жиі тамақ ішу. Күніне тойып тамақ ішсе де 2 рет қана тамақтанғаннан қарағанда, жиі бірақ аз порциямен ішу семіру үшін жақсы бағыт;
      2. Тамақ ішпес бұрын су ішпеңіз. Су немесе шәй ішіп алсаңыз ол асқанның толуына алып келіп, тәбетті төмендетіп, кейін тамақты аз ішетін боласыз. Егер шөлдеп тұрсаңыз, каллориялы сусын ішіңіз, оларға сүт, протеинді езбелер, смузи, айран және т.б
      3. Құрамында каллориясы көп тамақты таңдау. Оларға жаңғақтар, тәтті жемістер, ақ нан, жоғары сапалы ұнан жасалған паста немесе рожкилер, йогурт немесе айран құрамды сүзбелер және т.б
      4. Тағамға қосалқы каллория қосыңыз, нан жегенде оған май жағып, жұмыртқа пісірсеңіз оның үстіне сыр салыңыз және т.б
      5. Қосалқы аз мөлшерде тағамдар. өзіңізбен қалтаңызда жаңғақ, мейіз және т.б тағамдар алып жүру.
      6. Десерт дұрыс таңдау. Мысалы йогурт, тәтті айран, мюсли каша, кекс тәрізді тәтті десерт қолдану. Әрине әдеттегі торт немесе балмұздақ та каллориялы болып табылғанымен, онда өте көп мөлшерде қант бар.
      7. Тренажерлі залға бару. Спортпен айналысқанда міндетті түрде көтеретін зілтемір (штанга) салмағын барған сайын көбейтіп отыру керек. Сонда ғана сіздің бұлшықеттеріңіз алған каллоргияға сай өсетін болады. Егер оны жасамай айлар немесе жұмалар бойы бір салмақты көтере беретін болсаңыз онда бұлшықет оған бейімделіп алып, нәтижесінде салмақ пен бұлшықет массасын емес, тек шыдамдылық (выносивость) жатықтыратын боласыз.
      8. Жақсы ұйық Бұлшықет өсу және салмақ қосу үшін жақсы ұйқы маңызды. Кем дегенде 7-8 сағат ұйықтау керек.
      9. Шылым шегу мен арақ шарап ішуді тоқтату керек. Ол салмақ жинауға кері әсер беріп, ағзадағы анаболикалық процесстерді тежейді.
      10.  
      • 30
      • Жауап жазу
      • Бөлісу
        Бөлісу
        • Share on Facebook
        • Share on Twitter
        • Share on WhatsApp
    2. Саятбек
      Саятбек
      2020-12-22T17:31:30+06:00Added an answer on Желтоқсан 22, 2020 at 5:31 pm

      Тамақты көп ішуден басқа оның калориялы болуын қадағалау керек. Құр сапасы жоқ тамақты жей бергенен қарағанда, сапалы құрамында қоректік заттары мол тамақ жесең салмақ қосуға болады!

      • 3
      • Жауап жазу
      • Бөлісу
        Бөлісу
        • Share on Facebook
        • Share on Twitter
        • Share on WhatsApp
    3. Дастан Аманбайұлы
      Дастан Аманбайұлы Хирургия менің өмірім
      2020-12-22T17:45:28+06:00Added an answer on Желтоқсан 22, 2020 at 5:45 pm

      Сеіру үшін ішетін витаминдер деген ұғым жоқ. Семіртетін дәрілер дегеніңіз мүмкін анаболикалық стероидтар шығар. Оларды ретсіз қолдануға болмайды.

      Анаболикалық стероидтар спортшылар ішінде допинг болып табылады. Ал қарапайым адамға дәрігер диетолог бақылауынсыз оны ішу ауыр зардаптарға алып келуі мүмкін. Олар құрамында ер адам гормоны тестестерон болады. Қалыпты жағдайда оны ер адам жыныс бездері бөледі. Сырттан қабылдаған гомрон көбейіп кетсе, өз жыныс бездері қызметін атқармай, атрофиялық жағдайға дейін жетіп, нәтижесінде белсіздік, жынстық әуестіктің бұзылуы байқалады.

      Сізге ең қарапайым ол протеин қабылдау. Ол гормон болып табылмайды. тек тағамға биологияық белсенді зат. Әдеттегі ет, соя, тауық етінде болатын белсенді белоктардан жаслған. Физикалық жаттығу жасағаннан кейін ағзадағы бұлшықеттер қалпына келуі үшін оған құрылыс материалы белок (ақуыз) керек. Ол ақуыздар етте, тауық етінде мол болады. Бірақ ол ет жегеннен кейін асқазан, ішек жолдары арқылы өтіп қортылып жеткенге дейін ұзақ уақыт өтеді. Осы проблеманы шешу үшін диетологтар ойлап табылған нәрсе ПРОТЕИН. Дәл сол ет құрамындағы бұлшықеттерге құрылыс материалы болып табылатын блоктардан жасалған ұнтақ (порошо) түріндегі қоса сумен ішіледі. Бірден ішектен сіңіріліп, ағзадағы қоректі қажет ететін бұлшықетке жетеді.

      Оған қоса күш қуат мол болу үшін гейнер деп аталатын жоғары каллориялы қоспа қолдануға болады. Оның басты мақсаты физикалқы жаттығу кезінде ағзаның жоғалтқан энергиясын орнын толтыру.

      Осыдан шығатын қортынды дұрыс жаттығулар (штанға, гантель) = дұрыс тамақтану + гейнер (энергия көзі) + протеин (бұлшықет үшін құрылыс материалы) + жақсы ұйқы+ стрессіз өмір.

      • 19
      • Жауап жазу
      • Бөлісу
        Бөлісу
        • Share on Facebook
        • Share on Twitter
        • Share on WhatsApp
      • Медик админ
        Медик админ Сайт әкімшілігі
        2023-08-31T09:22:04+06:00Replied to answer on Тамыз 31, 2023 at 9:22 am

        Дұрыс айтасыз!

        • 0
        • Жауап жазу
        • Бөлісу
          Бөлісу
          • Share on Facebook
          • Share on Twitter
          • Share on WhatsApp
    4. Бекарыс
      Бекарыс
      2021-11-12T14:59:26+06:00Added an answer on Қараша 12, 2021 at 2:59 pm

      Семіртетін витаминдер деген ұғым жоқ. Тек спорттық қоспалар (спортивные добавки) деген бар. Оларға протеин, белок, гейнер жатады. Олардың мақсаты спортпен айналысқанда ағзаға жетпейтін құрылыс материалдарының орнын толтыру. 

      Оған қоса онша дұрыс емес нәрсе Анаболикалық стероидты гормондар бар. Олар аталық безінен бөлінетін гормон орнын толтырып, адамның дене салмағы мен бұлшықет өсуіне септігін тигізеді. Бірақ оның медициналық қарсы көрсеткіштері бар. Сондықтан арлы берлі іше беруге болмайды. Оған қоса анаболикалық стероидтардың кейбіреуі Қазақстан Респубилкасында тыйым салынған.

      • 2
      • Жауап жазу
      • Бөлісу
        Бөлісу
        • Share on Facebook
        • Share on Twitter
        • Share on WhatsApp

    Sidebar

    Stats

    • Сұрақ 124
    • Жауап 433
    • Үздік жауап 48
    • Қолданушы 138k

    Медицина бөлімдері

    Жалпы сұрақтар
    25сұрақ
    Терапия
    21сұрақ
    Офтальмология
    19сұрақ
    Акушерия және Гинекология
    13сұрақ
    Урология
    10сұрақ
    Сексология
    9сұрақ
    Жұқпалы аурулар
    8сұрақ
    Хирургия
    8сұрақ
    Травматология
    5сұрақ
    Медицинадағы оқу
    5сұрақ
    Сұлулық және косметология
    3сұрақ
    Онлайн анализдер
    3сұрақ
    Педиатрия
    2сұрақ

    Facebook

    Блог бөлімі

    • Ақпараттар
    • Электронды кітаптар

    Пікірлер

    • Улбосын
      Улбосын жауап жазды Салеметсизбе бир сурагым бар еди мен кызыма халязион шыкты козинин…
    • Жігер
      Жігер жауап жазды Адамант деген өнім бар тез бітіру тұрмай қалу 2-3-4 ке…
    • tamara
      tamara жауап жазды Жалпы көпшілік жаңа босанған жас аналардын басты қателігі осылай ойлау:…
    • Типичный медик!)
      Типичный медик!) жауап жазды 1 айлық бала тәулігіне орташа алғанда 15-18 сағат ұйықтау керек.…
    • Мөлдір Аскаровна
      Мөлдір Аскаровна жауап жазды Айзат, интернеттен "Упрежнение Кегелья" деп іздесеңіз шығады. Сол жаттығу көмектескен…

    Қолданушылар

    tamara

    tamara

    • 0 Сұрақ
    • 37 Жауап
    Типичный медик!)

    Типичный медик!)

    • 0 Сұрақ
    • 36 Жауап
    Жасұлан

    Жасұлан

    • 0 Сұрақ
    • 27 Жауап
    Ерік

    Ерік

    • 0 Сұрақ
    • 27 Жауап
    Дастан Аманбайұлы

    Дастан Аманбайұлы

    • 0 Сұрақ
    • 25 Жауап
    Алма

    Алма

    • 0 Сұрақ
    • 23 Жауап

    Explore

    • Басты бет
    • Сауалнамалар
    • Қолданушылар
    • Сұрақ қою ережесі
    • Біз жайлы
    • Бізбен байланыс
    • FAQ

    Footer

    Ескерту

    Сайттағы жарияланған барлық сұрақтар мен жауаптар, материалдар тек білім алу және медицинамен танысу мақсатнда жазылған. Ем үшін бұл ақпараттарды қолданбас бұрін өз дәрігеріңізбен міндетті түрде ақылдасуыңыз керек.

    © 2023 QazClinic. Барлық құқығы қорғалған

    Сілтемені кірістіру/өңдеу

    Тағайындалмақ URL-мекенжайын енгізіңіз

    Немесе бар мазмұнға сілтеме

      Еш іздеу шарты көрсетілген жоқ. Жуырдағы элементер бейнеленеді. Воспользуйтесь поиском или клавишами вверх/вниз, чтобы выбрать элемент.