Менің анамда мойын остеохондрозы деген диагно қойды. Кейде оны Хондроз деп атап жатады. Сол мойын хондрозын қалай дұрыс емдеуге болады? неліктен хондроз пайда болады соны түсіндіріп айтып жібере аласыздар ма? Алдын ала рахмет!

Құпия сөзді ұмыттыңыз ба? Қалпына келтіру үшін Поштаңызды жазыңыз, оған сілтеме келеді.
Please briefly explain why you feel this question should be reported.
Осы хабарлама неге дұрыс емес екенін, не үшін шағымданғаныңызды толықтай жазып кетіңіз. Әкімшілік толықтай тексереді.
Please briefly explain why you feel this user should be reported.
Остеохондроз дегеніміз мойындағы омыртқалардың ортасындағы жұмсақ диск жаншылып қалуы ғой. Невропатолог дәрігер кеңесі керек.
Остеохондроз дегеніміз не екенін түсіну үшін алдымен омыртқалар орналасуын түсіну керек. Омыртқалар арасында байланыс тіні (сіңір) жасалған арнайы диск орналасқан. Оның негізгі қызметі қозғалыс және мойын мен белді бұрғанда амортизация мен қозғалуды қамтамассыз ету.
Омыртқаларға шектен тыс күш түскенде, олардың қартаюына байланысты омыртқааралық дискілер өз эластикалық түрін жоғалтады. Сыртқа жаншылып шыққан диск айналасында орналасқан қан тамырларды және нерв тінін жаншып, ауырсынуды тудырады.
Негізгі көрінісі атқылау, сұққылау, анда санда дискомфорт пайда болудан бастап, шыдатпайтын ауырсынуға дейін жетуі мүмкін. Әсіресе мойын остеохондрозы кезінде қан тамырлардың қысылу арқасында миға қан келу, көз артериясы қанмен аз қаматамссыз етіледі, нәтижесінде ми мен көз жұмысы зардап шегеді.
Остеохондроз емі. Жедел кезеңінде ауырсынуды басу үшін сероидты емес қабынуға қарсы препараттар (НПВС), миорелаксанттар, В топ витаминдері, хондропротекторлар, қажет болса блокада жасалады. Ары қарай массаж, мануалды терпия, ине салу, емдік дене шынықтыру қосылады.
Остеохондроз кезінде омытқа аралық дискілердің жаншылуы
Көп сөз жазбай ақ, мына жерден бірден көрініп тұр мойын остеохондрозы кзеіндегі қандай өзгерістер болатыны
Омыртқа аралық дискілер жаншылып, сыртқа шығып, омыртқа маңындағы жүйке талшықтарын (нерв) қысады, нәтижесінде әртүрлі ауырсыну сезімдері болады. диуретик, қабынуға қарсы препрат, массаж тағайындалады. Жергілікті қыздыратын мазь жағуға болады.