Қолымда келесідей жаралар шығып кетеді. Жасым 19 да, қыз баламын. Көбінесе ыдыс аяқ жуатын жуғыш заттардан кейін (мысалы Fairy секілді), үйде пол жуатын заттардан кейін келесідей жаралар пайда болдады. Қолды қозғалтқанда, саусақтарды ашып-жұмғанда ауыртады. Басында пузырь секілді шығып, кейін қышиды. Тері құрғап жарылып кетеді, түлеп түсіп отырады.
Дәрігерлер кеңесі керек еді, осындай қолдымдағы жараларды енді шықпас үшін қандай ем қолдану керекпін? Біреулер айтады қол терісінің экземасы деп. рас па? Қол терісінің экземасын қалай емдейді
Сіздің шағымдарыңыз және сурет бойынша экзема ауруы деп айта аламыз.
Қол терісіндегі экзема – бұл жедел және созылмалы терінің аллергиялық ауруы. Оған экзогенді және эндогенді факторлар әсер етуі мүмкін.
Терідегі экземаны емдеу үшін алдымен анализ тапсыру керек. Оларға: Қанның жалпы анализі, зәр анализі, биохимиялық қан анализі (АЛТ, АСТ, жалпы белок, мочевина, креатинин, билирубин, және глюкоза деңгейін анықтау), иммуноглобулин Е анықтау, аллергологиялық тексеру жасау керек (тағамдық, тұрмыстық, химиялық аллергендерді анықтау). Паразиттерге (лямблии, аскарид, описторхоз) анализ тапсыру.
Оғанға дейін бастапқы емге:
Сіздің айтып тұрған нәрсеңіз аллергиялық қол терісінің экземасы. Оның негізгі себебі әртүрлі жуғыш заттардға аллергия. ыдыс аяқ, пол жуатын заттарды ауыстыру керек, аллергия шақырмас үшін.
Дерматолог консультациясын өтіп толықтай ем алу керек.
Негізгі емі стероидты мазь жағып, аллергия көзінен алыс болу.
Жуғыш заттарға аллергия болса, онда гипоаллергенді ыдыс жуатын заттармен жуу керек. Мысалы қазір дүкендерде кір сабын (хозяйственное мыло) сұйық түрлері бар, солар аллергия шақырмайды.