Менде дене салмағым 50 кг. Соңғы уақытта (жарты жылда) қалай көп тамақ ішсем де, салмағым 47 кг аспай қойды. Асқазан бұзылысы (растройства желудка) мен тамақтардан уланып қалулар жиі болады. Менің бір танысым айтады ол іште құрт немесе глисты болғанда солай болады дейді. Салмақ қоспауың да содан дейді.
Іште құрт болғаннан ба? Қалай тексерілуге болады? қандай маманға бару керек?

Иә, сіз айтқан симптомдар іште құрттың болуының бір себебі болуы мүмкін. Бірақ салмақ қоса аламау, асқазан қызметінің бөзылысы, уланулар одан да басқа себептерден болуы мүмкін екенін есте сақтаған жөн.
Нақты себебін анықтау үшін, құрттың бар не жоғын білу үшін терапевт (ВОП) дәрігерге барып, анализ тапсыру керек. Соның ішінде «нәжістің» анализі (орысша каль на яица глистов деп аталады).
Тамақты жақсы ішесіз ба?