Дәрігерлер екі көзімдеде катаракта бар екендігін айтты. Оған қосымша глаукома бар. Көзіме хрусталик қойғаннан кейін отадан кейін, көзім көрмей қалған жағдайда не істеуге болады? Мысалы өмірде болған жағдай, Ташкент қаласында жасы 60 пен 70 арасындағы адамдардың көздері көрмей қалды. Сол ота жасаған дәрігердің өзі хрусталикті алып тастап, қайтадан хрусталик болады ма?
Катарактаның басты емі тек операция. Қазіргі заманда ФЭК+ИОЛ операциясы жасалады. 15 минут уақытта. Операция мақсаты сіздің табиғи хрусталик алып орнына жасанды хрусталик (көз бұршақ) қояды.
Операциядан кейін көрмей қалу деген ол өте сирек жағдайда болады. Одан қорықпай ақ қойыңыз. Көрмей қалу тек 0,05% жағдайда ғана болады. Тіпті ондай болғанда да оған хрусталикті қайта ауыстыру көмек бермейді. Көрмей қалу басқа себептен болады.
Көздері операциядан кейін көрмей қалды деген ол дәл катарактаға байланысты емес глаукома әсерінен де болуы мүмкін. Сондықтан мұның себебі көп жағдайда операция емес көздің басқа аурулары болып келеді.
Сіздің жағдайдыңызда глаукома бар дедіңіз, онда оған тамшыларды әрдайым тамызып отырсаңыз болғаны. Және операция жасатсаңыз көзіңіз қалай көреді, ол глаукома сатысына байланысты.
Глаукома жетілген саты болса, операциядан кейінгі прогноз төмен болады, ал егер глаукома сатысы тек бастапқы болса онда жақсы көруді күтуге болады.