Балам 1 айлық. Көзі қайта қайта былшыктана береді. Фурацилинмен шайып тетрациклин жагамын. Сонда да нәтиже жоқ. Көмектесіңіздерші.
Нәрестелердегі көздің былшықтану себебі неде және оны қалай емдейді?
Құпия сөзді ұмыттыңыз ба? Қалпына келтіру үшін Поштаңызды жазыңыз, оған сілтеме келеді.
Please briefly explain why you feel this question should be reported.
Осы хабарлама неге дұрыс емес екенін, не үшін шағымданғаныңызды толықтай жазып кетіңіз. Әкімшілік толықтай тексереді.
Please briefly explain why you feel this user should be reported.
Сіздің айтып тұрғаныңыз нәрестелердегі дакриоцистит ауруы. Ол дегеніміз көз- мұрын жас жолының туа бітелген күйінде болуы. Яғни көзден ағатын жас қалыпты жағдайдағыдай мұрын қуысына ағып кетпейді. Демек ақпай қалған жас, көзде іркіліп тұрып, оған инфекция түсіп, былшықтанып, іріңді бөліністер бөліне бастайды.
Қанша жерден фурацилин шайып, тетрациклин майын жақсаңыз да ол кетпейді, себебі инфекция көзі баланың жас ағу жолында жасырылған.
Емдеу әдісі бала жас жолына массаж, және жас жолын арнайы инелі шприцпен жуады. Ол процедура тек офтальмолог дәрігер жасай алады. Сол үшін офтальмолог дәрігерге қаралуы керек.