Сауалнама нәтижесі
Сауалнама, Жауабыңызды таңдаңыз
Қазақстандағы ең мықты және оқу мен білім деңгейі бойынша жақсы медициналық оқу орнын қайсы деп ойлайсыздар? қайсысына оқуға түскен дұрыс? Өз ойларыңыз бен пікірлеріңізді толыққанды жаза кетіңіздерші достар.
Әрине білемін, барлығы өзіңе байланысты, бірақ кейбір оқу орындарында өзіне тән оқыту жолдары, бұрыннан қалыптасқан проффесорлық оқытушылық кадрлар және т.б ерекшеліктері болады ғой.
Анау жақсы, мынау жаман деп айта алмаймын. Мен өзім Қазақ Ұлттық Медицина Универстиеті (Асфендияров) оқимын. Бәрі ұнайды.
Білім жаман береді, оқытпайды деген ол оқығысы келмейтін адам сөзі. Бәрі медицина оқитын адам қолдында!
Астана медициналық оқу орнының (МУА) түлегімін. Барлық оқыған 7 жыл ішінде теріс ой келетіндей жағдайлар болған жоқ. Университет жаңа, барлық корпусы жақсы, оқыту мен білім беру деңгейі керемет десе болады.
Таңдау өз қолыңызда әрине.
Мен осыдан бірнеше жыл бұрын Семей қаласынан бітіргенмін. Ұзақ оқу кезінде көпшілік қиындықтар болды, бірақ олар әрбір қиналған сайын, өзім оқу орнымды дұрыс тандағаныма сенімімді күшейте түсте. Себебі медицинада оңай оқу, оңай үйрену және жеңіл бітірп шығу деген болмайды. Болса да ол вундеркинд немесе өтірікшіде болады.
Семейдегу универде алғаш Кеңес одағы кезінде құрылған уақыттан бастап, оқытушылардың терең білмі ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан дәстүр (приемственность) бар. Сонысы ең мықты жақтарының бірі деуге болады.
Сонымен қатар соңғы кезде жаңа басшылықпен заманауи медицинаға алға басып, ғылыми зерттеу жағы күшейді деп естідім. Қазір бауырым оқиды.
Жақындағы Еліміздегі ең үздік жоғары оқу орындары рейтингі шықты (2020 жыл). Соның ішінде дәл медициналық оқу орындарынан Семей медицина университеті бірінші орын иеленді.
Қалаға емес, оқу орнының әкімшілігіне байланысты емес пе?
Менің ойымша бұл жерде дауыс беруге емес жауап жазған адамдардың сөзінің жаны бар. Әр адам өз ойын жазған дұрыс,ДАУЫС БЕРУ ол кез келген адам өз оқу орнын белгілей салады ғой.