Сәлеметсіздер ме. Әкемде осыдан бірнеше жұма бұрын төменгі қабағында бір өсінді тәрізді шишка пайда болды. Басында қызарып қабынып, қабақ ісінген. Жергілікті антибиотик капляларды тамзып емделдік. Енді қабақ қабынуы басылса да орны үлкен болып қалды. Үстінен бассақ ауырмайды тек қатты болып тұрады. Оны қалай кетіруге болады? Үй жағдайында кетеді ма?
Бір таныс дәрігер оны халязион дейді. Халязионды үй жағдайында емдеуге болады ма?
Мен окулист дәрігер емесін, бірақ білуімше оны қабыну басылған соң операция жолымен ғана емдейді. Ол үшін офтальмохирург дәрігер кеңесі керек. Операция қалай жасалады, қандай әдіспен алады бәрін түсіндіріп айтып бере алады.
Сәлеметсіз бе. Иә әкеңізде расында халязион деп аталатын ауру.
Халязион ол қабақтың қабыну ауруларының бірі. Әдеттегі теріскеннен айырмашылығы халязион нәтижесінде қабақта тығыз капсулаға оралған инфильтрат қалады. Нәтижесінде қабыну басылған кейін, қабақта қатты, еш мазаламайтын, инфильтрат тұрады. Оны ешбір дәрілер емдеп жаза алмайды. Емдеу жолды тек оперативті, амбулаторлы жағдайда операция жасап алып тастау.
Операция жергілікті жансыздандыру арқылы, ешбір аурсынусыз болады, инфильтрат үстінен кесіп, ішіндегі тығыз капсула бәрін алып тастайды. Қосымша сұрақ болса қоя кетіңіз.
Қарапайым тілмен қайтқанда Халязион дегеніміз қабақтың қабыну және тығыз капсулалы іріңдік түзілетін ауруы.
Емі тек операция арқылы. Кейбір шет елдерде оны капсула ішінде дексаметазон гормонына инъекция жасайтын әдістер табылып жатыр, бірақ оның эфектісі әлі күнге дейін күмәнді. Сондықтан «алтын стандарт» болып тек операция арқылы алып тастау жатады.
Салеметсизбе бир сурагым бар еди мен кызыма халязион шыкты козинин Астына сал кызарып турады ол неден болады жуап ушын алдынан рахмет