QazClinic.com бұл қазақ тілді медицина саласындағы сұрақ пен жауап үшін арналған портал.
Сайттың негізін медицина саласында қызмет ететін практик және теоретик дәрігерлер, резидент, интерн-дәрігерлер мен белсенді студент жастар құрған.
Біздің басты мақсатымыз:
- Қазақ еліне қолжетімді әрі түсінікті етіп, медицина және денсаулық сақтау саласын жеткізу;
- Дәлелді медицинаны халық арасында танымал ету;
- Күрделі медициналық аурулар мен терминология қарапайым халыққа түсінетіндей қылып жеткізу;
- Медицинаның әртүрлі саласынан онлайн консультация және ақыл кеңес беру;
- Қарап отырсақ басқа БАҚ, сайттар мен порталдарда медициналық тематиканы одан алыс адамдар жүргізеді. Нәтижесінде халық арасында дұрыс емдеу, дәлелді медицинаға түсініспеушілік, сенбеушілік туындайды. Біз бұл олқылықты түзету үшін осы сайтты құрдық. Біздің басты мақсатымыздың бірі осы десе де болады.