Сәлеметсіздер ме, жасым 24 те, Менде соңғы уақытта жыныстық қатынас кезінде ауырсыну пайда болды, Көп бөліністер, түсі жасыл сарғыш түсті болып келеді. Отырғанда және жүргенде ауырсыну мен ыңғайсыздық бар. Өздігімнен клотримазол және лименда деген свечаларды қолданғанмын. Бірақ ешқандай ем болған жоқ, жақсару байқалған жоқ. Бұл қандай ауру?
Емдеу жолы қалай? Не істесем болады?
Сәлеметсіз бе, әрине нақты диагноз қою үшін алдымен қынаптан жағынды (мазок) тапсыру керек + УЗИ диагностика жасау керек.
Бірақ сіздің айтып тұрған клиникалық көріністеріңіз бактериалды вагинит ауруына ұқсас келеді.
Бұл ауруда келесідей ем ұсынылады:
Сіздің басты қателігіңіз өзіңіз емделіп, жолдасыңыз ем алған жоқ. Инфекция көзін жою үшін СІЗ және ЖОЛДАСЫҢЫЗ да ем алу керек.
Жолдасыңызға: Секнидокс 1 таб 2 рет (таңертең және кешке) – 2 күн, кейін Флуканазол 1 таб 1 рет -1 күн.
Осы ем қолданып жүрген кезде жыныстық қатынасқа түспеулеріңіз керек!!!
Ең алдымен сізге толықтай диагноз қою үшін өзіңіз гинеколог ал жолдасыңыз уролог консультациясына баруыңыз керек. Себебі инфекция түрін анықтап, соған байланысты ем тағайындалады.
Жыныстық қатынас кезінде осы жерде жиі ауырсыну болады
сизде скорее всего вагинит немесе кынап кабынуы го. Даригерге барып ем алу керек болады.