Сәлеметсіздер бе, Менің жасым 28 де, ер адамын. Соңғы айда жүрек соғуының жиілеуі мазалап жүр. Білектен ұстап өлшеп көрсем минутына 120-130 соққы шамасында. Бұрын біраз басылып азайып отыратын, соңғы 5 күнде тұрақты 120 соққыдан түспей тұр. Бас ауру мен бас айналу қосылды. Не істеуге болады?
Қосалқы артериялық қысымды да өлшеп көріңіз. Қанша көрсетіп тұрғанын білу маңызды. Тұрғылықты жеріңіздегі СВА терапевт дәрігерге қаралу керек.
Сәлеметсіз бе, жүрек соғысы қалыпты жағдайда 60-90 соққы/минут болу керек. Егер одан асатын болса Тахикардия деп аталады. Сізге анық қанығын білу үшін кардиолог дәрігер керек. Жалпы қан анализі, биохимиялық анализ, ЭКГ өту керек. Соның нәтижесін алып кардиолог дәрігерге қаралу керек. Онлайн сізді көріп, зерттеулер жүргізбей себебін және диагнозын өкінішке орнай айта алмаймыз.