Жедел аппендицит ауруын операциясыз емдеуге бола ма соны білгім келіп еді. Барлық жерде операция жасау керек дейді. Мен өзім ауырған жоқпын, бірақ таныстардың бәріне аппендицит алу операциясы жасалған. Қызық болған соң сұрап отырмын, себебі ешбір ақпарат көзінде бұл жайлы жоқ, тек бәрі де ота жасап емдеу деп жазған.
Сәлеметсіз бе,жіті аппендицит емі тек операция! себебі ол жедел яғни экстренный случай болып табылады.
Бірақ бұл ережеден бөлек жайт бар, аппендикулярлы инфильтрат деген ұғым бар.
Аппендикулярлы инфильтрат жіті аппендицит асқынуы болып табылады, аурудың 3-4 тәулігінде басталып, кездесу жиілігі 0,2-5% дейін жетеді. Дәл осы жағдайда операция жасалмайды. Уақытша консервативті ем қолданылады. Бірақ көрсеткіш бойынша 3 айдан кейін аппендицитті жоспарлы түрде (в плановом порядке) ота жасап алынады.
Көріп тұрсақ бәрібір операциясыз болмайды.
Көп сөзді қайтеміз. Жауап біреу ғана ЖОҚ!
Жақында менің ағама жасаған, бір жұмадан кейін уйге шықты ғой. Бәрі нормально. Жылдам жазылып кететін операция вроде
Бала кезімде жасаған. Ештеңе білмей ұйықтап жатқанмын.