Теріскен шықалы бірнеше күн болды көзіме. Оң жақ көзімнің жоғары қабағы қызарып ісініп кетті, оған қоса үстінен бассам ауырады.
Айтыңыздаршы Теріскен шыққанда қандай ем үйде қолдануға болады? Теріскенді қалай емдейді?
Құпия сөзді ұмыттыңыз ба? Қалпына келтіру үшін Поштаңызды жазыңыз, оған сілтеме келеді.
Please briefly explain why you feel this question should be reported.
Осы хабарлама неге дұрыс емес екенін, не үшін шағымданғаныңызды толықтай жазып кетіңіз. Әкімшілік толықтай тексереді.
Please briefly explain why you feel this user should be reported.
Сәлеметсіз бе. Ең алдымен теріскенді басқа қабақ ауруларымен ажырату диагностикасын жүргізу керек. Мысалы халязион, теріскен, аллергиялық ісіну тәрізді аурулармен ажырату диагностикасын жасау керек.
Екіншіден аурудың дұрыс емін тағайындау керек.
1) Көз тамшылары ретінде кең спектрлі антибиотик мысалы ципролет 0,3%, левоксимед 0,25%, 0,5% немесе басқа түрін көзге күніне 6-8 рет дейін тағайындалу
2) Альбуцид 30% ересектерге, балаларға альбуцид 20%
3) Жатарда төменгі қабаққа Тетрациклин 1% мазь (май) немесе оның басқа да заманауи аналогтарын (Тобримед, Флоксал және т.б) қолдану
4) Ішке ішетін антибиотиктер. Мысалы ципролет, мегасеф және т.б өзіңіздің дәрігеріңіз тағайындауы бойынша. Бала болса, педиатр дәрігер таңайындауымен
5) Мүмкіндігінше ісіну кетіруге антигистаминды таблетка. Ең кең таралғаны супрастин.
Егер теріскен жұмысақ, іші іріңге толы болса, (флюктуация болса), онда оны хирургиялық жолмен ашып, ішінен ірің шығарып, ішін антисептикалық ертіндімен жуып, дренаж қояды. Ары қарай таңу (перевязка) жасалады.
ЕСКЕРТУ!!! Теріскенді үй жағдайында ЕШҚАШАН қысуға, кесуге, қыздыруға және т.б манипуляцияларды жасауға болмайды.
Қарап отырсаңыз теріскен емі жеңіл нәрсе емес. Сондықтан көз дәрігеріне қаралған дұрыс.
Көзге антибиотик тамшылар, альбуцид, мазь тағайындалады.
Ең дұрысы офтальмологиялық орталыққа немесе кез келген көз дәрігеріне қаралған дұрыс!
Көзге антибактериалды тамшылар, керек болса көз жас алмастырушы тамышлар тағайындалады. Оларды жиі тамызу керек.
Ыстық қасық, тұз, неше түрлі ыстыған материалдарды басу емге әкелмейді. Одан сайын қабынуды арттырып, теріскеннің іріңдеуіне алып келеді. Соны есте ұстаңыз!