Сәлеметсіздер ме. Менің мамама алдыңғы күні жүректің тәуліктік мониторингін (суточный мониторинг) тағайындаған. Интернеттен қарап көрсем, тәуліктік мониторинг кезінде электроқұрылғылардан алыс болу керек, ешқандай контакт болмау керек дейді. Онда мамам енді стоматологқа бара алмай ма? онда да электроқұрылғы арқылы тіске пломба салады ғой. Зияны болмай ма? болса стоматолог приемін шегереміз.
Жоқ жүректі тексеру үшін арналған Холтерлік мониторинг апараты стоматологиялық құрылғымен кері байланыс жасамайды. Сондықтан тіс емдеуге бара беруге болады!
Жоқ әсер етпеуі керек. Қарсы көрсетілімдер ішінде стоматлогиялық құрылғылар жоқ қой!