Сәлеметсіздер ме, менің қоятын сұрағым Семіздік және артық салмақ жайлы. Менің ата анамда және апамда артық салмақ пен жоғары қан қысымы. Семіздік тұқым қуалау арқылы балаларына беріледі ма? маған көпшілік елдер айтады мамана тартқансың деп.
Болашақта семіздіктен зардап шегемін бе деп қорқамын себебі жыл сайын салмақ көбейіп келеді.
Расында артық салмақтың пайда болуына генеиткалық факторлар бірталай рөль атқарады. Егер семіздікпен ата-ананың тек біреуі ғана зардап шексе, онда семіздік пайда болу жиілігі қыз балада 38-76% , ал ұл балада – 27- 39%.
БІРАҚ артық салмақтың пайда болуына негізгі себеп ол дұрыс тамақтанбау екенін есте ұстаған жөн. Батыс елдерінде келесідей зерттеу (эсперимент) жүргізілген: генетикалық жағынан бірдей болып келетін егіздер әртүрлі себептен ата анасынан айырылығандар, әртүрлі жанұяда өмір сүрген, бала асырап алған артық салмағы бар жанұядағы егіз сыңары толық болып, ал екінші жанұядағы бала өте сирек жағдайда ғана артық салмақ жиналғаны анықталған. Бұл эксперимент бірнеше рет тексерілген және нәтижесі жоғарыда аталып кеткендей болған. Бұдан шығатын ТҰЖЫРЫМ адамның күн тәртібі, тамақтану рационы, белсенді өмір салтын ұстану, жұмысы да артық салмақ жинауға генетикалық фактордан қарағанда басымырақ.
Әсері бар екенін бәрі біледі. Бірақ барлық жанұяңыз толық болса сіз мен де толып кетемін деп көңіл түсіре бергенше, белсенді спортпен айналысып, дұрыс тамақтансаңыз бәрі жақсы болады деп сенемін!