Сауалнама нәтижесі
Сауалнама, Жауабыңызды таңдаңыз
Мені бұрыннан ойландырған сұрақ бар еді. Неліктен медицинаны адамдар жалақысы аз екенін біле тұра таңдайды? көпшілік таңдағандар шын мамандықты ұнатып түседі ма, әлде оның престижі немесе барлық жерде жұмыс бар болатынына қарап таңдайды ма? Соған енді осы QazClinic сайтында дауыс беру функциясы бар екен, пайдалана отырып сіздерден опрос сұрайын деп отырмын. Өзіңізге ең жақын жауапты таңдай кетіңізші. Егер жақын жауап болмаса онда жауап ретінде пікірге жаза кетуіңізді сұраймын. Алдын ала рахмет достар.
Медицинаны таңдау себебім, ата анам да медициналық қызметкер болған. Әкем хирург, анам сва да терапевт болды. Бала кезден бастап ауруханаға барып, жұмыс орнын көріп өскеннен кейін ғой деймін барлығы да мен үшін таныс нәрсе болып кетіп, өзім де дәрігер уролог болып шықтым ең соңында. Әйелім де медицинада жұмыс істейді медбике болып.
Бала кезден бастап қалыптасып қалған ең жақсы жұмыс деп, басқасын ойламадым да. Мүмкін содан таңдадым)
Маған мысалы бала кезден бастап ұнаған. Адамдарды емдеу, мен көмектесу. Бірақ уақыт өте келе оқуды бітіруге таяп қалдым. Енді қаншама медициналық қызметкерлер қиындық көріп жүргенін көріп, дұрыс таңдау жасадым ба деп ойлаймын. жалақсысы расында аз, медициналық қызметкерлерді барлығы бір обслуживающий персонал секілді көріп келеді ауруханаға. РАсында рахмет айтып, шын риза болған адам аз ғой. Қаншама көмек көрсетіп, күліп қарсы алып, күліп шығарып салсаң да жарайды деп көбі кетіп қалады. Мүмкін содан қазір көбі медицина саласын таңдаудан бас таратды.
Мен енді медицинада жұмыс істеп қалалмын. Бірақ болашақта барлығы осылай болып тұра беретін болса, онда балаларымды медицина саласына оқытпаймын. Мүмкін дұрыс айтпай отырмын, бірақ ойым солай.
жалақысы жақсы жұмыс, кез келген қазақстан аумағынан жұмыс табуға болады ғой деп таңдаған еді апайым. Енді қазір уақыт өте келе үйреніп кетті. Басында ауруханада мейірбике болып жұмыс істеген, қазір енді жедел жәрдемге жұмысқа кіріп алды. Жұмыс ұнайды дейді . .. әркімге әрқалай ғой. Кейбіреуі жаман дейді, кейбіреуіне жалақысы аз болса да қызметі ұнайды. Бес саусақ бірдей емес дегендей . . .
Медицина менің ойымша, қазіргі кезде ең беделді мамандық қой. Өзім медицинаға биыл түстім, сол үшін Аллаға тәубә деп айтамын. Енді бұйырса 7 жыл оқып шықсам аман есен. Болашақта дәрігерлік өнерді меңгермекпін
Менің қызым биыл медицинаға оқуға түсті. Жолдасым екеуіміз қызыма осы мамандықты таңдаған себебіміз, өз саласына мықты маманы болса, халық арасында сыйлы да беделді болады. Жалақысы жақсы болады. Және қыз балаға жарасымды мамандық деп ойладық. Расында солай ма?