Коронавирус жайлы толғандырған бір сұрақ бар еді, неліктен емдеуінде Ацетилсалицил қышқылын тағайындайды. Кейбіреулер аспирин, Кардиомагнил немесе басқа аналогтарын СВА дан жазып береді. Неге оны еміне қосады? қандай әсер береді соны айтып жібересіздер ма?
Себебі ацетилсалицил қышқылы НПВС болып табылады, ол ыстық түсіру, қабынуға қарсы және анальгезиялық әсерден басқа ТРОМБОЦИТТЕР АГРЕГАЦИЯСЫН тежейді.
Тромбоциттерде А2 тромбоксанды тежеп, оның агрегациясын азайтып тромб түзілуді азайтады. Қан сұйылту, өкпе тамырының тромбоэмболиясын болдырмау үшін болуы мүмкін.
Бірақ қазір барлық әлемде әсіресе Ресейлік дәрігерлер асперинді Covid-19 кезінде қолдануды шектеу керек деген ой айтып отыр.
Ал батыс елдерінің медицина қызметкерлері керісінше асперин кері әсері шектен тыс асырылған деп санайды. Кімге сену әрине қиындау мұндай жағдайда.
Бірақ бір ғана ұстаным бар. COVID-19 кезінде дене температурасын түсіру үшін Асперин қолдануға болмайды, ол үшін парацетамол қолдану керек.
Коронавирустың басты бағыты ол өкпе тіні екені бәріне мәлім. Бірақ оған қоса қызықты факт бар, Covid -19 ДВС синдром (орысша синдром диссеминированного внутрисосудистого свертывания) шақыруы мүмкін. Ал ол өз кезегінде ағзаның басқа жерлерінде тромб түзіліп, тамырлардың бітелуіне алып келуі де әбден мүмкін!
Әрине аспирин ДВС синдромды толықтай жоймаса да, оның асқынуларын алдын алуға септігін тигізеді.
Бірақ есте ұстайтын жайт, аспиринді оңды солды бәріне іше беруге болмайды, Әсіресе қан кету қауіпі бар асқазан ішек жолдарының жарасы (язва желудка), қан қысымы жоғары адамдарға.
АҚШ дәрігерлері НПВС (аспирин) ішекен қан қысымы жоғары 56 мың ересек адам статистикасын қарап шыққанда, соның ішінде 330 адам ішінде 1 -науқаста 4 апта ішінде жүрек ұстамасы (сердечный приступ) немесе инсульт байқалған!!!