Коронавирус дегеніміз рас па? соңғы кезде әлемде де елімізде де қаптап таралып жатқан короновирус жайлы айтып бересіздер ма? рас ауыра ма?
Бөлісу
Құпия сөзді ұмыттыңыз ба? Қалпына келтіру үшін Поштаңызды жазыңыз, оған сілтеме келеді.
Please briefly explain why you feel this question should be reported.
Осы хабарлама неге дұрыс емес екенін, не үшін шағымданғаныңызды толықтай жазып кетіңіз. Әкімшілік толықтай тексереді.
Please briefly explain why you feel this user should be reported.
Сәлеметсіз бе. Қазіргі әлемде таралған Корнавирустар туыстығына жататын вирусты инфекция COVID-19 деген атаумен белгілі. Ол РНҚ типтес вирус болып табылады.
Бұған дейін басқа типті корнавирустар болған. Олар:
HCoV-229E — Alphacoronavirus, 1960х жылы алғаш байқалған;
HCoV-NL63 — Alphacoronavirus, 2004 жылы Нидерланды елінде байқалған;
HCoV-OC43[en] — Betacoronavirus A, 1967 жылы қоздырғыш бөлініп алынған;
HCoV-HKU1[en] — Betacoronavirus A, 2005 жылы Гонконгте қоздырғыш алынған;
SARS-CoV — Betacoronavirus B, 2002 жылы алғаш анықталған;
MERS-CoV — Betacoronavirus C, таяу шығыстық респираторлы синдром қоздырғышы, 2015 жылы қоздырғыш анықталған;
SARS-CoV-2 — Betacoronavirus B, 2019 жылдың соңына қарай табылған, бүкіләлемдік пандемия шақырып, COVID-19 атымен белгілі.
Байқап қарасақ 2020 жылға дейінгі де коронавирустан бірнеше ауру анықталған. Сондықтан оның рас па әлде өтірік пе деп сұрақ қою жөнсіз. Вирус бар және әлем бойынша талай адам өмірін тоқтатты.
Айтқаныңызбен келісемін. Интернетті ашып қарасақ расында бұғанға дейін бұл вирус болған, тек әлемдік деңгейде болмаған соң біз байқамай қалғанбыз.
Бүкіл әлем аурған вирус сонда өтірік деген сөз таратқалы отырсыз ба? өтінемін ғаламторда таралған әртүрлі конспирологиялық идеяларға көнбеңіз. Олардың бәрі медициналық білімі жоқ адамдар, вирус не екенін білмейтін, толықтай ауру ерекшелігін түсінбейтін адамдар таратып, халықты алдап отыр.
Коронавирус рас бар! ола шын расталған және ол қоздырғыш бөлініп алынып, Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымымен расталған. Ол толыққанды зерттеліп, геномы шешіліп болашақта вакцина шығару үшін сынамалар жүргізіліп жатыр
Басында адамдар біздің елде сенбеуіне бірден бір себеп ол «таныстарым ортасында ешкім ауырған жоқ, вирус өтірік ау» деген сөзбен таралған. Бірақ күрт ауырған адамдар саны көбейген соң, бәрі ол ойынан айнып, сене бастады ғой.