Сәлеметсіздер ме, сіздерден сұрайып деп едім, Катаракта емдеу жолдары жайлы. Менің апам 74 жаста, биыл дәрігерге қаралғанда катаракта деген диагноз қойды. Бір жақ көзінде зрелая ал екінші көзі начальная катаракта деп айтты.
Катаракта емдеу тек операция деп айтты, бірақ интернеттен неше түрлі емдеу жолдары бар деп орысша сайтан оқыдым. Айтыңыздаршы көзге тамшы тамызып, емдеуге бола ма?
Мен әрине офтальмолог емеспін, бірақ менің офтальмолог әріптесім айтуынша тек операция арқылы емдейді. Басқа емдеу жолы қазір жоқ.
Катаракта деген көз ішіндегі көзбұршақ (хрусталик) кәрілік, травма, зат алмасу бұзылысынан бұрынғы мөлдір қалпынан бұлыңғыр түріне енуін айтады. Нәтижесінде көрі төмендеп, өмір сапасы нашарлайды.
Көзбұршақ (хрусталик) табиғи мөлдір белокты құрылымнан тұрады. Бірақ уақыт өте келе кәрілік салдарынан көзбұршақтағы белоктар структурасы өзгеріске еніп, онда мөлдірлік жоғалта бастайды. Нәтижесінде катаракта туындайды. Осы жерде еске сала кететін жайты, ешбір препараттар, емдік тамшылар, интернетте жазатын емдік шөптер де, ештеңе де ол мөлдірлігін жоғалтқан белокты қалпына келтіре алмайды.
Катарактаны емдеудің жалғыз ғана жолы ол операция әдісімен бұлыңғыр көзбұршағын алып тастап, орнына жасанды мөлдірін қою.
Қазіргі кезде катаракта операциясы 5-15 минут аралығында жасалады. Оның әдісі Факоэмулсификация деп аталады. Арнайы ультрадыбысты машина арқылы көз ішіндегі бұлыңғыр катаракта басқан бұршақты сорып алып, орнына мөлдір линза қойылады.
Елімізде катаракта мемлекеттік тапсырыспен тегін жасалады. Бірақ ақылы түрде де қымбат линза үшін төлеп жылдам жасауға да болады.
Катарактаға операция жасайтын кез келген клиника қазір гос.заказбен операция жасайды. Соларға тіркеліп, операция кезегі бойынша тегін жасатып алыңыздар. Қазір құдайға шүкір катаракта мемлекеттік бюджет арқылы операциясы төленеді. Сондықтан ол жағын уайымдамай ақ қоюға болады.
Ал интернеттен оқыған әртүрлі сиқырлы тамшылар мен емдеу жолдарына сенбей ақ қойсаңыз да болады!
Суқараңғы ма еді катаракта деген қазақша?
жоқ суқараңғы деген басқа, ол глаукоманы солай айтады