Сәлеметсіздер ме, менің апамда қан қысымы жоғарылап кетті, қалай түсіру керек екенін білмейміз? үй жағдайында қалай түсіруге болады? Қазір қысымы 190/100 мм.сн.бағ
Дәрігерге бүгін бара алмаймыз, сондықтан уақытша көмек беретін бірдеңе керек болып тұр?
Қан қысымын төмендететін дәрілер айтып жібересіздер ме?
Сәлеметсіз бе, апаңыз жасы қаншада?
Бірінішіден нақты себебін білмей қан қысымын қалай болса солай түсіруге болмайды. Алдымен терапевт дәрігерге барып, бақылану керек, Артериялық гипертония деген диагноз қойғаннан кейін тек дәрігер ғана қан қысымын қалыпты жағдайда ұстап тұратын препаратты тағайындай алады.
Алғашқы көмек ретінде каптоприл 1 таблеткасын беруге болады. Және жиі қан қысымын өлшеп отыру керек. Бірақ ол уақытша ғана көмек. Тез арада дәрігерге көрініп, дұрыс ем алу керек.
Апаңыз болғанына ақарағанда жасы үлкен адам. Демек кез келген қарт жастағы адам жылына бірнеше рет дәрігер бақылауына барып, скрининг өтіп тұру керек. Қан қысымын тексеріп, қандағы қант мөлшерін бақылап. Сіздер қан қысымын бақыламағанға қарағанда ондай нәрсе өтпеген секілдісіздер.
Жоғары қан қысымы немен қауіпті? алдымен тамырлар жарылып, ішкі ағзаларға қан құйылуы мүмкін. Әсіресе мида болса, инсульт болады, ол жартылай мүгедектікке немесе өлімге алып келуі мүмкін. Біздің қазақтар осылай қаралмай жүре бергендіктен елімізде инсульттан өлім саны жоғары.
Аурухана жағдайында болса онда магнезия сульфатын вена ішіне салдыртар едім бірақ қазір сіздерде ондай мүмкіндік жоқ болғандықтан ЖЕдел Жәрдем шақырып уақытша қан қысымын түсіретін препарат беріп, немесе вена ішіне салып беруін айту керек. Алғашқы көмек осы. Ал ертең кеш болмай тұрғанда терапевт дәрігер қаралу керек.
Қан қысымын төмендететін дәрілер көп қой. Әртүрлі топқа бөлінеді.
Мысал ретінде оларға: Эналаприл, Энам, Каптоприл, Метопролол, Лозартан, Пропранолол және. т.б. Бірақ оларды дәрігер тағайындауынсыз ішу өте қауіпті. Әр адамға индивидуалды ем қолданылатын естен шығармау керек.
Сіздің жағдайыңызда Жедел жәрдем келіп, қан қысымын түсіруге көмек бере алады. Ал әрдайым қан қысымын бір деңгейде ұсап тұратын препартты тек өз поликлиникаңыздағы терапевт тағайындай алады.
Науқастың ең бастысы жасына қарай кез келген жасы келген кісіде қан қысымы бірде төмен бірде жоғары. Үй жағдайында қан қысымын қалыпқа келтіруге болады. Дұрсы тамақтану өте Майлы тағамдарды рационан алып тастаңыз тағамдарды барынша асып беруге тырысыңыз. Жиі-жиі көк шәй беріңіз лимон-мен! Таза қайнаға суға лимон сығып немесе лимон салып тұндырып беріңіз, күнде екі мезгіл немесе бір мезгіл, серуендеп келсе қан қысымы бір қалыпты жағдайға келеді анау айтқандай кермет түседі деп айтпайм бірақ жасап көруге болады. Көмек беред ең бастысы ауырмаудың жолың іздеу керек. Ауырмаңыздар!
Рахмет сізге