Инсулин дегеніміз қандай гормон? Сол жайлы интернеттен медициналық тұрғыдан дұрыс анықтама таба алмай қойдым
Инсулин гормонын кай без бөледі? Қандай жұмыс атқарады, жетіспесе не болады?
Осы сайтта тек дәрігерлер мен медициналық қызметке қатысы барлар отырады ғой. Қандай дұрыс анықтама тұжырымдама айтуға болады?
Инсулин жетспесе қант диабеті пайда болады
Инсулин — дегеніміз бұл ұйқы безінің бета клеткалары түзетін гормон. Ол ағазадағы энергия қорының сақталуын және бұлшықет өсуін реттейді. Анаболикалық қасиеті бар гормон. Қанға түскен соң, инсулин негізгі қызметі көмірсуларды (глюкоза), майларды және аминқышқылдарды ағза жасушаларына жеткізу.
Инсулин негізгі атқаратын қызметінің бірі қанда глюкозаның 80–100 мг/децилитр деңгейінде ұстап тұру. Глкоза деңгейі 100 жоғары болса, ұйқы безі инсулин түзе бастайды. Бөлінген инсулин қаннан артық глюкозаны алып, сақтау үшін алдымен бұлшықет тініне жеткізеді, нәтижесінде бұлшықет өсіп, анаболикалық әсер береді. Ал егер көпшілік энергия май тініне жөнелтілсе, май қосылып, адам артық салмақ жинайды.
Инсулин аз мөлшерде өмір үшін өте маңызда, ал көп мөлшерде өлімге алып келеді.
Инсулин дұрыс бөлінбеуі немесе клеткалардың оны дұрыс танымауына байланысы Қант диабеті деп аталадын ауру пайда болады. Бірақ ол жайлы басқа сұрақта жаза кетеміз!