Баста мүшемнің головкасы, яғни басы іріңдеп бастады. Дәл осы тұста ешқандай қызбен болмағанымды жеткізгім келеді. Содан кейін ем қабылдап жүрдім. Шынымды айтсам мені дұрыс сүндеттемеген. Соның әсерінен мен головкасын көре алмадым. Октябрьде жара басталды және бүгін қинап ашып көрсем уже ойылым головкомның сол жағы қатты ойылып қалған. Ол не екенін түсінбедім
Сіздегі ауру аты Баланопостит.
Баланопостит дегеніміз ол жыныс ағазасының басының (головка) іріңді қабыну ауруы. Көп жағдайда жыныс ағза ішкі жағында да қабыну болады. Медициналық ем қабылдамаса ол фимоз аруына (жыныс ағза басының кішіреюуіне) алып келуі мүмкін. Көп жағдайда бұл ауруды дұрыс антибитоикотерапия мен дұрыс сүндеттеу арқылы емдейді.
Қатты асқынған жағдайда жыныс ағза басы қабыршақтанып, перфорация (тесілу) дейін барып, ол шап аймағындағы лимфа тіндеріне шауып, шап лимфаденитін шақыруы мүмкін.
Емдеу келесі қадамдардан тұрады:
Вирусқа қарсы терапия
Саңырауқұлақ қоздырғыштарға қарсы препараттар
Антибактериальды препараттар
дезинфекциялаушы препараттар
Физиотерапия
Иммуномодуляторлар (иммунды жүйені күшейту)
Соңғы қадам хирургиялық ем.
Сіздің жағдайыңызда қызбен болдыңыз ба болмадыңыз ба оған байланысты емес, ағзадағы инфекция жыныс ағзасына шапса, қабыну басталып кетеді. Дереу урологиялық көмекке жүгіну керек.
Құрметті досым, сіздің жағдайыңызда дереу ем бастау керек. Қазір емделіп жатсаңыз онда оны коректирровка жасау керек. Қосалқы ем препарттарды қосып, жыныс ағзадағы жараны өңдеп жуып, мықты антибиотиктер ішу керек.
Көпке созбай поликлиникаға барып уролог көрінсеңіз көмек береді. Ұялып, көрсете алмаймын, уйде емделемін деген мұндай жағдайда келмейді. Себебі бұл ауру асқынуы қиын жағдайға алып келеді. Егер бала кезінде дұрыс сүндеттемеген болса оны қазіргі уақытта дұрыстап аяқтауға болады ғой. Уролог қарасаңыз барлығын айтып, түсіндіріп береді. Біз мұнда тек диагноз қойып, нақты қадамдарыңызды айта аламыз, сырттай бетпе бет көрмей ем тағайындай алмаймыз!