Безеуді қалай кетіру жайлы айтып жібересіздер ме? Менің жасым 26 да. Бойжеткен кезден бері, бетімде безеу шыға береді. Неше түрлі безеуге қарсы маскалар жағып көріп, безеуді кетіретін кремдер жақтым, біраз уақытқа ғана кетеді, бірақ қайтадан пайда болады. Неліктен екенін білмеймін.
Безеуді үй жағдайында кетіру мүмкін ба? Әлде дәрігерге бару керек па?
Сәлеметсіз бе! Безеудің пайда болу себебі жиі өт шығару жолдарындағы тұрып қалу (застой) болады. Ағза дер кезінде тазармағандықтан артық қалдықтар бәрі тері арқылы сыртқа шығады, тері шектен тыс майланып, онда безеу тәрізді қызыл ісінген нүктелер пайда болдады.
Жиі су ішу, асқазан ішек жолдарын тексерту керек. Өт айдайтын шөптер (дәріханада сатылады) да жақсы көмектеседі.
Одан кейін ішек жұмысын реттеу керек. Аш қарынға әртүрлі бифидо-айран (Активиа, Био-С секілді).
Эффект болмаған жағдайда косметолог дәрігер кеңесіне жүгінуге болады.
Орысша Акне деп аталатын қазақша безеу деген атқа ие тері бөртпелерінің пайда болу себебі көп.
Себептерінің бірі ағзадағы гормональды өзгерістер, соның ішінде тестестерон деңгейінің жоғарылауы.
Одан жиі себебі болып асқазан ішек жолдарыны қызметінің бұзылуы. Көпшілік мамандар безеуді емдеудің алғашқы емі ретінде дұрыс тамақтану мен ішек қызметін реттеу деп айтады. Олардың ойынша терідегі шектен тыс жұмыс істеп тұрған май бездері (сальные железы) дұрыс тамақтанбау әсеріне болады, әсіресе көмірсуларды көп жеу деп ұсынылған. Шектен тыс май өндіру ағзаның ұзақ уақыт көмірсуы аз тағам қабылдағанда байқалған, соның әсерінен тіпті асқынған безеулер де кеткенімен (акне) басқа оны алдын алынатыны байқалған.
Сонымен қатар замануи зерттеулер акне (безеу) мен ішек дисбактериозының байланысын дәлелдеген. Ішек микрофлорасы ол – 70% иммунитет болып табылады. Ал иммунитет ағзаны инфекция мен қабынудан қорғайтын және пайда болған безеудің жылдам жазылуына себеп болады. ,
Бұдан айтатын тұжырым, безеу шыққанда косметологқа ғана қаралып, тек бетке крем жағып, маска жасап қана емес, қажет болса дерматолог пен гастроэнтерологқа қаралу керек.
Терің майланып тұрады ма?Майлы тері болса, содан да болады. Теріні тазартып жиі сабынды сумен жуып тұру керек.
Менде шамамен 5-6 жыл бұрын да осындай жағдай болған, безеуді ешқалай да емдей алмай қойағанмын. Сонда бір врач айтқан ішке айран іш деп. Мен Активиа или Данон секілді любой айран алып іштім, бетке жағатын тональный кремдерді тоқтаттым. Нәтижесінде бірден емес әрине, бірақ ақырындап безеу саны азайып, жоғалып кетті.