Менің балам қазір 3 ай болды. Туғанда ешбір проблема болған жоқ, және барлық дәрігерлерге бардық бәрі жақсы деді.
Бірақ бала ұйықтар алдында әрдайым жылайды. Жылап, шыңғырып қиын ұйықтайды. Фитбол добында отырып секіріп ұйықтатамын әрең дегенде. Айтыңыздаршы балалар солай ұйықтау керек пе?
Баланың ұйқы режимін қалай сақтауға болады? Баланы жылатпай қалай ұйықтатуға болады? Баланы жылдам ұйықтату әдісін атасыздар ма?