Алдында қан тапсырған кезде нәтижесі осынай болып шықты. Анемия, қан аздық деп айтты танысым. Дәрігерлер болса көріп, ол нені білдіреді, қалай емдейді, ем тағайындай аласыздар ма?
Ферритин деген не? оны қалай көтере аламыз?
Құпия сөзді ұмыттыңыз ба? Қалпына келтіру үшін Поштаңызды жазыңыз, оған сілтеме келеді.
Please briefly explain why you feel this question should be reported.
Осы хабарлама неге дұрыс емес екенін, не үшін шағымданғаныңызды толықтай жазып кетіңіз. Әкімшілік толықтай тексереді.
Please briefly explain why you feel this user should be reported.
Сіз жіберіп тұрған анализде ферритин және темір деңгейі төмен болып тұр (нормадан аз). Бұл теміржетіспеушілік анемияны көрсетеді.
Теміржетіспеушілік анемия белгілері:
Себептері:
Емдеу жолдары: ең алдымен тамақ рационына темірге бай тағамдарды қосу керек. Мысалы: Ет тағамдары, бауыр, қарақұмық (гречка), гранат, алма және т.б Сонымен қатар құрамында темірі бар препарттар қабылдау. Мысалы: сорбифер, гинотардиферон, ферумлек, ферсинол және т.б осындай темірге бай препарттарды қабылдау. Оның қасына фолий қышқылы немесе С витаминімен бірге қабылдаса, темір деңгейі жылдам көтеріледі. Бұл препараттарды ұзақ уақыт (3-6 ай) үзбей ішу керек. Бұлармен қатар сүт тағамдарын (айран, сүт), шай, кофе ішпеу керек, олар темірді ағзаға сіңірілуін азайтады.
Темір деңгейі бірқалыпты деңгейге жеткенен кейін әйел адамдар етеккірі біткенен кейін жоғарыдағы темір препараттарын 1 жұма қабылдауы керек.
Ең алдымен ішкі ағза ауруларын іздеуден бастау керек. Ол үшін құрсақ ағзалар УЗИ (УДЗ) өту, ФГДС және гинекологиялық УЗИ өту керек, сонымен қатар паразиттерге де қан тапсырып тексерілу керек.
Содан барып темір препараттарын схема бойынша ішіп, орнын толтыру керек.
Темір препараттарын қабылдағанға қарамастан жоғарыламаса дәрігерге көріну керек, ол сізге укол түрінде тағайындайды.