Әйелдің жыныс мүшесінің айналасына бездер шығу неден? Қалай емделеді ?
Соңғы бірнеше күн бойы жыныс еріндер аумағына қатты түзіліс шығып кетті емдеу жолы қалай екен кім біледі?
Құпия сөзді ұмыттыңыз ба? Қалпына келтіру үшін Поштаңызды жазыңыз, оған сілтеме келеді.
Please briefly explain why you feel this question should be reported.
Осы хабарлама неге дұрыс емес екенін, не үшін шағымданғаныңызды толықтай жазып кетіңіз. Әкімшілік толықтай тексереді.
Please briefly explain why you feel this user should be reported.
Сіз айтып тұрған ол Бартолинит деп аталатын ауру.
Бартолинит дегеніміз әйел жыныс ағзасының жанында орналасқан бартолин безінің қабынуы.
Абсцесс түрінде болып – іріңнің еркін ағуы болған кезде бартолинит айқын клиникалық көріністерсіз жүруі мүмкін. Толық өздігінен қалпына келтіру мүмкін. Абсцесс пайда болуы қабыну реакциясы, тыртық стриктурасы немесе қалың секрецияның жиналуы салдарынан бартолин безінің түтігінің өткізгіштігі бұзылған кезде пайда болады.
Бартолин безінің кистасы инфекциядан кейінгі стриктураның пайда болуына байланысты, сондай-ақ эпизиотомиядан (қиын босану) немесе жарақаттан кейін шығару түтігінің өткізгіштігі бұзылған кезде пайда болады. Үлкен Киста қоршаған тіндердің ісінуіне және орнынан жылжуына әкелуі мүмкін.
Диагностика критерийлері:
1. Үлкен жыныс еріндері аймағындағы ісіну.
2. Ауырсыну.
3. Гиперемия (қызару).
4. Тіндердің ісінуі.
5. Абсцесс кезінде флюктуация, гипертермия.
Емдеу жолдары гинеколог дәрігерге қаралып, егер абсцес түрінде болса, оны тіліп, ішінен ірің шығарып, тазлайды.
Қабыну түріндегі бартолинит кезінде антибиотик тағайындап, қабынуға қарсы ем жасайды. Киста түзілсе оны операция арқылы алып тастайды
Сіз өз поликлиниканызға барсаңыз гинеколог қарайды да сізге нақты препараттарды жазып береді. Соны ішіп емделесіз.
Әйітпесе ол ауру асқынып кетсе, операцияға дейін жеткізе алады
Менде де сондай ару болған, дәрігер поликлиникада дәрі жазып берді, содан қабынуы азайып жақсы болған. а то басында өте қатты ісініп кетті.
Емделу керек қой сізге. онсыз жыныс еріндерінен айрылып қалуыңыз мүмкін.(