QazClinic.com сайтына сұрақ жариялау ережесі
Міндетті түрде барлық жолақты толтырып, қандай жағдай болғанын толықтай жазып кетіңіз.Қойылған сұрақтардың бәрі модерациядан өтіп, тексеріледі. Модератор сұрақтың қаншалықты орынды, сұраққа сізді тікелей көрмей ақ жауап беруге бола ма екенін бағалап сайтқа жариялайды.
Егер сіздің сұрағыңыз сайтқа жарияланбаса, яғни модерациядан өтпесе, Сұрақты орынды түрде барлық қателіктерді түзеп қайта жібере аласыз.
Әдетте сайттағы сұрақтар сіздің жеке аты жөніңізді көрсетпей тек логин көрсетіліп қана шығарылады. Бірақ сіздің қалауыңызға сұрақ АНОНИМДІ түрде де шыға алады. Ол үшін сұрақ жарияламас бұрын Анонимді (жасырын) сұрау белгісін басып қойғаныңыз дұрыс. Бірақ сіз қосқан фото сурет, жазылған мәтін барлық оқырманға білім алу мақсатында көрінетін болады. .
Қандай сұрақтарды біз жарияламаймыз
- Транслитпен жазылған сұрақтар (Жаңа қазақ алфавитінен басқа)
- Қазақ тілінен басқа тілде жазылған сұрақтар (орыс, өзбек, қырғыз және т.б).
- Сізді көрмей жауап беруді талап ететін сұрақтар. Мысалы мына жерім ауырса не істеу керек? осындай жағдай болса не дәрі алу керек? мұндай сұрақтарға да толыққанды жауап болмайды, тек жалпы жауап қана жаза аламыз.
- Халық емі жайлы сұрақтар. Бұл жерде тек дәлелді медицина тарапынан жауаптар берілмек. Біз сәуегейлік, бал ашу, болашақты болжау тәрізді жағдайлармен айнаыспаймыз.
- Басқа дәрігер айтқанын сұрау, бұл медициналық этикаға жатпайы, тек диагнозды ақпараттық мақсатта ғана түсіндіре аламыз.
- Бір сұрақта бірнеше жағдайды қосып сұрау.
Ескерту
Барлық сайттағы ақпарат тек білім және танымдық мақсатта, түсінбеген медициналық жайттарды анық қанығына жету мақсатында жарияланған. Дәрігерсіз өзін өзі емдеу денсаулыққа зиян келтіренін айта кеткіміз келеді. Міндетті түрде бетпе бет дәрігер кеңесімен емделу керектігін еске сала кетеміз.