QazClinic.com сайтында жауапты дәрігерлер де, жай қолданушы да бере алады. БІРАҚ сайтта тіркеліп, өзінің дәрігер немесе медицина саласында қызмет ететінін дәлелдеген адам жауабы арнайы белгішемен (птичка) белгіленіп тұрады. Мысалы:
Ол үшін сайттағы Бізбен байланыс бөлімі арқылы бізге жазыңыз. Сізге Whatss ap арқылы байланысқа шығып, медициналық оқу орнын бітірген диплом, студенттік билет немесе басқа дәлелдейтін құжат талап етеміз. Соны жіберсеңіз, сайттағы фотоңыз рас Өзіңіздікі болса, онда сізге ДӘРІГЕР ретінде арнайы белгішені қойып береміз. Жауап ішінде ғана емес, жеке профильде де медициналық қызметкер ретінде белгіше тұрады.
Иә әрине, сайтта кез келген қолданушыға жеке хат жазу жұмыс жасайды. Сол арқылы дәрігер жеке контактілерін алып, оған Whatss app немесе басқа байланысу жолын таңдап хабарласуыңызға болады. ЕСКЕРТУ, кейбір қызметкерлер жеке парақшасында онсыз да телефон нөмір немесе әлеуметтік желідегі парақшасы тұрады, сол арқылы да байланыс жасауға болады.
Қазақ тілінде сөйлейтін кез келген, медицина жайлы білгісі келген, сұрақ қойып жауап алғысы келген, сонымен қатар жанына медицина саласы жақын адамдарға бағытталған.
Біз кез келген медициналық ЖОО, орта білім беру ұйымдарымен, сонымен қатар медициналық емес мекемелер және жеке тұлғалармен серіктестік үшін әрқашан ашықпыз. Сайттағы Бізбен байланыс арқылы бізге жазыңыз.
Әрине болады. Сайттағы сұрақ қою бөлімінде сұрақ қойғанда төменгі жағында Анонимді түрде сұрау батырмасын бассаңыз аты жөніңіз немесе логин көрінбей сұрақ қойылады.
Әзірше жоқ, бірақ болашақта ақылы консультация іске қосылады. Ақылы консультация әдеттегі жай сұрақтан ерекшеленіп тұрады, және ондағы барлық жауап ТОЛЫҚҚАНДЫ жазылатын болады. Бірақ сіз кез келген дәрігермен байланысып, ақылы түрде консультация ала аласыз.